Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғашқы магистраль

Алғашқы магистраль

Қазақтың кең-байтақ даласын кесіп өтіп, маңайдағы көрші елдерді жақындатқан алғашқы шойын жол – “Орынбор-Ташкент” магистралының пайдалануға берілгеніне де ғасырдан аса уақыт өтті.
1905 жылы шілде айынан бастап Орынбор-Қазалы аралығында жүк және жолаушы пойыздары жүре бастады. Қазақстан мен Орта Азияда жүргізілген домбыраның қос ішегіндей, қаладан далаға жалғасқан болат жол құрылысын салу әлемдік теміржол жылнамасының парағына кірген айтулы оқиға. Осы жерге теміржол сусыз далалар мен құмды шөлейттер арқылы салынды. Орынбор-Ташкент теміржолының салынуына байланысты Қазалы жерінде орыстардың көптеп қоныстануы теміржол торабының нығаюына ықпал етті. Алғашқы жылдары депода 90-ға жуық адам жұмыс істеді. Олар жүк және жолаушылар тасымалымен қатар паровоздың “О”, ”У” кейін “НВ” және “С” серияларын жөндеді.
Елуінші жылдары жаңа техниканы игеру мен жаңа технологияны енгізуде депо ұжымы күрделі жұмыстар атқарды. Жөндеу цехтарында үлкен қиыншылықтар кездесті. Тепловоздың жаңа түрін игеруде депоның және теміржолдың жас тепловоз мамандары біліктілік көрсетті. Ұжымға Мәскеу, Ташкент институттарынан және де басқа оқу орындарынан тепловоз мамандары көптеп келе бастады.
1960 жылы ТЭ-3 сериялы қуатты магистралды тепловоздарын пайдалануға көшкеннен кейін, депо көтерме жөндеу жұмыстарымен айналысты. Қазалы локомотив депосы Қазақ теміржолындағы ірі тепловоз депосының жөндеу базасына айналды. Бұл экономиканың ілгері басуы мен елдің дамуына үлес қосты.
Ірі өндіріс ошағы
Тәуелсіздікке қол жеткелі теміржол торабында елеулі ауыс-түйістер байқалды. Әрбір мекеменің құрылымы қайта өзгеріске түсті. Бұл нарық заманына бейімделу болатын. “Қазақстан теміржолы” Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында қосымша жұмыс орнын ашып, жөндеу мен өндірісті шоғырландыру, тепловоздарды жөндеуде өндірістік қуатты дамыту мақсатында Қазалы локомотив депосы ”Теміржолмашжөндеу” Еншілес мемлекеттік кәсіпорынның филиалы ТЭМ-2 сериялы маневрлі тепловоз жөндеу зауыты болып қайта құрылды. Теміржол құрылымындағы өзгерістерге қарамастан ұжым мүшелерінің кәсіби шеберлігі, жұмысты ұтымды ұйымдастырып, жаңа технологияларды өндіріске енгізіп, тиімді пайдалануының нәтижесінде кездескен қиындықтарды ауызбіршілік пен ұйымшылдықтың арқасында жеңіп келеді.
Қазалы тепловоз жөндеу зауыты Қазақстан темір жолындағы өзге зауыттармен салыстырғанда өзіндік орны бар ірі өндіріс ошағы. 2003 жылы Қазалы маневрлі тепловоз жөндеу зауытының базасында Заңды тұлға “Дәулет А” акционерлік қоғамы, 2010 жылдан бастап «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы Қазалы локомотив жөндеу зауыты атанды.
Қазақстанда төрт ірі тепловоз жөндеу орны бар. Соның бірі – ТЭМ-2 сериялы маневрлі тепловозына техникалық қызмет көрсету мен күрделі жөндеу жасайтын Қазалы зауыты.
Осы саланың бүгінгідей даму даңғылына аяқ басуына аға ұрпақтың қосқан үлесі өлшеусіз, кезінде бар күш-қуатын, жігері мен жалынын осы саланың дамуына жұмсаған жұмысшыларды назардан тыс қалдырмай, қолдау көрсетіп келеді.

Ұтқырлы іс, жүйелі жұмыс
Қазалы локомотив жөндеу зауыты қай кезде де темірдей тәртіпті бұзбаған үлгілі мекеме. Өткен жылды да ойдағыдай аяқтаған зауыт Локомотив жөндеу бойынша тапсырыс беруші мекемелермен барлық түрдегі жөндеу жұмыстарын мұнтаздай орындады. Атап айтқанда, Астанадағы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы, Байқоңырдан ФГУП «ЦЭНКИ» «Южный» Космос орталығы, Теміртау қаласынан «Арселор Миттал-Темиртау» АҚ, Қарағандының «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ, «Ақжайық» ЖШС мен Арал ауданына қарасты Жақсықылыш кенті «Аралтұз» АҚ тапсырыс берген.
– Жалпы былтыр әртүрлі деңгейдегі жөнделген тепловоздар саны 146-ға жетті. Бүгінде Қазалы локомотив жөндеу зауытында күн-түн деместен 372 адам еңбек етеді. Мекемеде жүктеме көлемінің тұрақтылығына байланысты жұмысшылар қысқартылмайды. Зауыттың жұмысшы-қызметкерлеріне ұжымдық шартқа сәйкес әлеуметтік көмектер көрсету мақсатында өз бюджетінен қаражат жоспарланып, игерілді. Яғни жұмыскерлердің 20 баласы жазғы демалыста лагерге жіберілді. Жақындары дүниеден озуына байланысты 11 адамға материалдық көмек көрсетілген. Кезекті еңбек демалысында теміржол көлігімен жүру билетіне 210 жұмысшыға төлем жасалды. Балалы болуына байланысты, жасанды тіс салдыруға 49-ға және зауыттың есебіндегі 254 зейнеткерге қарттар күніне орай материалдық көмек берілді, – дейді Қазалы локомотив жөндеу зауытының директоры Нұрлан Алмағамбетов.
Оның айтуынша, еңбек жағдайын жақсарту мақсатында жөндеу цехтарына механикаландырылған көлік арбалары орнатылды. Ал кәсіби біліктілікті жетілдіру – міндетті талап. Соған орай зауыт қызметкерлерінің 116 маманы, оның ішінде инженерлік-техникалық қызметкер, цех шеберлері, электрогаздәнекерлеушілер, компрессорлық қондырғы, бу-қазан, аспалы кран, теміржол кран машинистері, стропольщиктер біліктілігін арттырды. Олар елордадағы «Kamkor Service» ЖШС мекемесімен келісім-шартпен электр қауіпсіздігі, қауіпті өндірістік нысандағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтау, өндірістік қауіпсіздік сынды оқу курсынан өтті.
Нұрлан Жұбатқанұлы ТЭМ2 тепловоздарын жөндеу бойынша негізгі тапсырыс беруші «ҚТЖ-Жүк тасымалы» мекемесінен басқа бүгінгі күнге Ресейдің «ЛокоТех-Промсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесімен келісім шартқа отырып, тепловоздарын жөндеуді бастап кеткендігі жайлы сүйіншіледі. Сонымен қатар 2023 жылға инвестициялық жоспар құрылған. Жөндеушілердің жұмыстарын оңайлату және технологияны жақсарту мақсатында локомотивтерді бояуға арналған қосымша құрылыс салу жоспарлануда екен. Онда локомотив корпусын ескі бояудан шаңсыз тазалауға арналған қондырғы, автоматтандырылған кептіру камерасы енгізілмек.
Жұмысшылар Төлеу Ноғай, Жеткерген Тілеумбетов, Марат Досекеев, Марат Қылышбаев, Ақынғазы Мәмбеталиев тепловоздардың жөндеуден сапалы шығуына орасан күш-жігер жұмсады. Майталмандардың еселі еңбегіі ескеріліп, 2022 жылдың қорытындысымен зауыт әкімшілігімен кәсіподақ ұйымының атынан «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Жоғарыда көрсетілген жетістіктерге тәжірибесі мол маман, ширек ғасырға жуық мекемені басқарып келе жатқан білікті басшы, «Құрметті теміржолшы», зауыт директоры Нұрлан Алмағамбетов өзіне жүктелген ауқымды міндеттерді жүйелі атқаруда. Бүгінге дейін ұтқырлы шешім қабылдап, мамандардың жұмысқа деген құлшынысы мен кәсіби шеберлігін арттыруда сүбелі үлес қосып келеді. Зауытта темірдей тәртіпті қалыптастыруының арқасында осыншама шаруаларды шыр айналдырған білікті басшы – ұжым жетістігінің кепілі екендігін айта кеткен жөн.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

31 қаңтар 2023 ж. 608 0

Ротация туралы не білеміз?

03 желтоқсан 2024 ж. 53

Ерекше жандар ескерілді

03 желтоқсан 2024 ж. 81

Тәуелсіздікті ту етемін

02 желтоқсан 2024 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031