Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мал баққанға бітеді

Мал баққанға бітеді

Балапанды күзде санайды. Қырында малын қаптатып, сырында күрішін баптаған аймақтың агросала мамандары алтын күзде берекелі істің нәтижесін санамалайды. Дәстүрлі «Алтын күз – 2025» салтанатында «РЗА - Асыл түлік» жауапкершгілігі шектеулі серіктесігі аудан абыройын асқақтатып, мерейлі марапат биігінен көрінді.
Көпсалалы қызметімен таныс «РЗА» акционерлік қоғамы жергілікті өнім сапасын жаңа деңгейге көтерумен бірге 800-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып, ауданның еңбек әлеуетін арттырып отырған іргелі ұжым. Қоғам құрамынадағы «Рза-Асыл түлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ірі қара, қой-қозы, жылқы, түйе өсірумен айналысады. Компания аудан, аймақтан өзге еліміздің өзге өңірлері мен шет елдерге ет өндіру және сүт бағытындағыа жұмыстарымен таныс. Облыс көлемінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға үлес қосып келе жатқан орын мал шаруашылығының өнімділігін өрестету, сапасын көтеру бағытындағы жүйелі жұмысымен үлгі.
Бүгінде жергілікті фермерлік шаруашылықтар, асыл тұқымдық малды өсірушілер үшін пайдалы серіктес болу мүмкіндігі бар шаруашылық асыл тұқымды малды жеткізу, оны өсіру, модернизациялау сияқты нақты бағыттарда мол тәжірибеге ие.
Қызылорда облысына алғаш болып голштино-фриз асылтұқымды ірі қараны алып келіп, модернизациялап, сүтті-тауарлы фермасын іске қосқан.
Мал бағу – атакәсіп десек те, бүгінде өсіру, мал басын сақтап қалу, дұрыс күтім жасау оңай шаруа емес. Оның үстіне ертемен далаға жайып жіберіп, кешке өрістен айдап, жайылымнан азықтанып қайтатын емес, мұнда әр түлік баладай мәпеленеді. Шаруашылық Германия, Ирландия, Италия, Голландия сынды елдерден алып келген қуатты, жаңа заманауи техникамен, автоматтандырылған жүйелермен жабдықталған. Қазақстандық агроөнеркәсіп секторында маңызды серіктестік ауыл шаруашылық даму карталарында көрсетілген жобалар қатарынвн көрінген.
Автоматтандыру, жоғары өнімді тұқымдарды қолдану – бұл бәсекеге қабілеттілікке жол ашқан.
Мемлекет көмегінсіз ауыл шаруашылығы өзінен-өзі өркен жайып кете алмайды. Осындай мүмкіндікті барынша пайдаланып жүрген серіктестік ауылшаруашылық өнімін өндірушілердің өнім өндіру және қаржылық мүмкіндіктерін арттырған.
Малдың жайын білетін «РЗА» акционерлік қоғамының бас зоотехигі, «Рза -Асыл түлік»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Жеңіс Қарабалаевты сөзге тарттық.
«Ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсетудің стратегиясы мен идеологиясына енгізілген оң өзгертулерге байланысты өңірде ірі қара өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының, орта және ұсақ ауылшаруашылық құрылымдары өз жұмыстарын жүргізіп келеді. Етті мал шаруашылығын дамыту шаруашылықтарының әлеуетін пайдалана отырып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді. Салаға серпін берілгенде, бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеген құрылымдар ілгерілеп, ел игілі үшін өз үлестерін қосатын болады», – дейді ол.
«Еңбек ердің мерейін арттырады, жерді мәрт қылады» деген. Облыста өткен еңбеккерлерге арналған басты шарада жыл басынан бері мүйізді ірі қараның әр 100 аналығынан 83 бас төл алып, мал басын 100 пайыз аман сақтаған «Рза-Асыл түлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Озат бақташы» номинациясына ие болды.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
21 қазан 2025 ж. 23 0

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 23

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 28

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 25

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 24

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 24

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 22

Орманға қорған

20 қазан 2025 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031