Ұйымшыл ұжым
Теміржол мемлекет үшін өте маңызды көліктің түрі болып саналады. Халықаралық байланыстың дамуына және халықтың мәдени, әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасын кеңейтуге әсері зор. Шойын жолда пойыздардың үздіксіз жүруіне бірнеше теміржол саласына қарасты мекеме жауап береді. Соның бірі – Қазалы пайдалану вагон депосы. Ол бұрынғы «Орынбор-Ташкент», «Қазақ темір жолы», кейінгі «Батыс Қазақстан темір жолына» қарасты іргелі мекеме болып табылады.
Депо тарихы 1904 жылғы патшалық Ресей тұсында Орынбор-Ташкент темір жолының салынып, іске қосылуынан бастау алады. Алғашқыда паровоз депосының құрамында болған вагон цехы 1928 жылы өз алдына вагон телімі, содан кейін депо аталып дербес мекемеге айналады. Депоның ең алғашқы басшысы Ф.Печерский болса, содан кейін М.Попов, П.Воробьев, А.Короцов, И.Гунин, М.Тучков, А.Чернышов, В.Солдатов басқарған. Олардың қай-қайсысы да өз істерін жетік меңгерген, ізденімпаз, талантты да, талапты маман қатарынан саналған. Солардың ішінде депоны 1970-1990 жылдары басқарған марқұм Әбдінағи Әбжановтың есімін айрықша атаған жөн. Ол кез Қазалы вагон депосы үшін өсу мен өркендеу, ғылыми-техникалық жетістіктерді кеңінен өндіріске енгізу, көлемін күрт ұлғайту, тың технологиялық жаңалықтарды игеру және әлеуметтік жағынан кемелдену тұсы болды. Сол уақыттары депо КОКП Орталық комитеті, КСРО Министрлер Кеңесі мен кәсіподақтары, Бүкілодақтық орталық Кеңесінің ауыспалы Қызыл туын жеңіп алды және бірнеше дүркін КСРО Жол қатынасы министрлігінің салалық жарыс жеңімпазы атанды.
Депода түбегейлі реконструкция жүргізіліп, вагон құрастыру және доңғалақ жөндеу цехтарының ғимараттары кеңейтілсе, 1986 жылдың аяғында роликті доңғалақ жөндеу цехы мен автожалғағыштарды конвейерлі жөндеу бөлімшесі іске қосылды. Осының нәтижесінде вагондарды күрделі және ағымды жөндеудің көлемі ұлғайып, депо ай сайын жөндеуден 260, күрделі жөндеуден 30 вагонға дейін шығара алатын деңгейге көтерілді.
1990-1999 жылдар аралығында мекемені «Құрметті теміржолшы» Әзімжан Әліпбаев басқарды. Іскер басшы ұжымды орын алған қиын-қыстау кезеңнен абыроймен алып шықты. Бұрынғы экономикалық байланыстардың үзілуі салдарынан пойыздар қозғалысының көлемі күрт төмендеді. Осы жағдайда кадрларды жұмыссыз қалдырмау мақсатында депо басшылығы еңбек сағатын азайтуға, жұмыскерлерді жаппай ақысыз демалысқа жіберуге және бесінші ауысым ұйымдастыруға да мәжбүр болды. Қол байлау болған қиыншылықтарға қарамастан, өзінің негізгі мамандарын сақтап ғана қоймай, осы жылдар ішінде бірнеше әлеуметтік нысандар мен понаб-диск қондырғыларын іске қосты.
Ел егемендігін алғаннан кейінгі теміржол көлігінде жүргізілген реформалар Қазалы вагон депосын сырт айналып өткен жоқ. 1998 жылы Қызылорда вагон депосының жолаушы вагондарын жөндеуші мекеме болып бейімделуіне байланысты, аталған депоның жүк пойыздарына қызмет көрсететін құрылымдары Қазалы вагон депосының қарамағына берілді. Осылайша депоның кепілдік иіні бұрынғы 517 шақырымнан, солтүстігі Шалқар, оңтүстігі Түркістан стансалары арасы болып белгіленіп, 949 шақырымға дейін ұзартылды. Басқаша айтқанда, Қазалы вагон депосы Қызылорда облысының о басы мен бұл белгіленген аралығындағы жолаушы және жүк пойыздарының кідіріссіз жүруін қамтамасыз ететін бірден-бір мекеме.
1999 жылы «Қазақстан темір жолы» РМК бас директорының №266 бұйрығымен вагон деполарының жөндеу және пайдалану базалары бөлінді. Соның нәтижесінде дербес Қазалы пайдалану вагон депосы дүниеге келді. Араға үш жыл салып ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі «Қазақстан темір жолы «Инфрақұрылым» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының филиалы Қазалы пайдалану вагон депосы, 2004 жылы «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының» Қазалы пайдалану вагон депосы филиалы болды. Көп ұзамай «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы АО-ның Қазалы пайдалану вагон депосы филиалы атанды. Бұл күндері депо еңсесін тіктеген, бәсекеге қабілетті мекемеге айналды. 500-ге жуық жұмысшы-қызметкер біркісінің баласындай ұйымшылдықпен еңбек ететін ұжым бір де бір рет пойыздар қозғалысына қауіп төндіретін ақауға жол берген жоқ.
Сексеуіл стансасында УЗОТ қондырғысы орналастырылды. Вагондарға ағымдағы жөндеудің сапасын арттыру үшін Қызылорда, Шиелі стансаларында БКУ типті компрессор қондырғылары қойылып, жұмыс істеуде. Барлық техникалық қызмет көрсету мен бақылау бекеттерінде вагонның магистральдық құбырында ақау анықталғанда, техникалық қызмет көрсету бекетіне дейін қозғалыс қауіпсіздігін сақтай отырып жеткізу үшін ұзындығы 20 метрлік жоғары қысымды жалғағыш жеңдерін пайдалану ендірілді. Бекеттердегі техникалық оқыту бөлмелері тежегіш құрылымдарын оқытып-үйрету тренажерларымен жабдықталған.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы болып табылатын Қазалы пайдалану вагон депосы құрамында 2 негізгі техникалық қызмет көрсету қосыны – Қазалы, Қызылорда, 3 техникалық бақылау бекеті – Сексеуіл, Жосалы, Шиелі, 2 пойыздарды тапсыру бекеті – Төретам, Арал және 20 бақылау бекеттері бар 1 санаттағы үлкен ұжым.
Қазіргі уақытта Қазалы, Қызылорда техникалық қызмет көрсету бекеттерінде және Жосалы техникалық қызмет көрсету бақылау бекетінде автотежегіштерді тездетіп тексеруге арналған қондырғы бар. Сонымен қатар Қызылорда, Қазалы стансаларында 2010 жылы, 2012 жылы барлық бақылау бекеттері ПОНАБ, ДИСК қондырғылары КТСМ-02 қондырғыларымен ауыстырылды.
1999 жылдан бастап, осы уақытқа дейін үлкен ұжымды Арғын Орымбаев білікті басқарып келеді.
– Әр жылдарда депода еңбек етіп, ел игілігі үшін жанқияр еңбектің үлгісін көрсете білген мамандар Қазалы вагон депосын бүгінгі биіктерге көтерсе, небір майталман мамандар тәрбиеленіп шығарылды. Мұнда ұжымның ыстығы мен суығына төзіп жігері мұқалмаған, қайта шыңдала түскен өз ісінің шеберлері көптеп кездеседі.
2014 жылдан бастап Сексеуіл-Жезқазған аралығында жаңа теміржол телімі тартылып, Қазалы пайдалану вагон депосына Сексеуіл-Қоскөл телімі аралығы қосылды. Кепілдік иінінің ұзаруына байланысты бес бақылау бекеті жаңадан ашылып, 36 адам жұмыспен қамтамасыз етілді, – дейді Арғын Қайырбайұлы.
Бүгінде Қазалы пайдалану вагон депосының негізгі міндеті Сексеуіл-Қоскөл және Сексеуіл-Сауран стансалары арасындағы жол қозғалыс қауіпсіздігін сақтап жүк және жолаушылар пойыздарына техникалық қызмет көрсету болып табылады. Жиырма жылдық тарихты еңсерген ұжымды алда көптеген белес күтіп тұр. Оны бағындыру үлкен жауапкершілік. Сондықтан маңызды талаптардың бірі білімді де білікті, өз қызметіне толық жауапкершілікпен қарайтын жаңа кадр мамандарын даярлау жалғасын табады.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА