Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда "Қалқан - 2025" арнайы-тактикалық оқу-жаттығуының қорытынды шарасы өтті

Қазалыда "Қалқан - 2025" арнайы-тактикалық оқу-жаттығуының қорытынды шарасы өтті

Қазан айының 12-21 аралығында Қазалы ауданының аумақтық әскери міндеттілерімен «Қалқан – 2025» арнайы-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілген болатын. Оқу-жаттығуға ауданмыздың әскери міндеттілерінен 91 қазалылық азамат 10 күн бойы казармалық режимде теориялық білімдерін бекітіп, оқу полигонында атыс дайындығынан практикалық сабақтарға қатысты.
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың қатысуымен Басықара ауылындағы Ә.Тыныбаев атындағы Қазалы су торабында оқу-жаттығудың негізгі шарасы өтті. Шарада ауданның аумақтық қорғаныс батальонының ротасы су торабын жарылғыш зат қойып, оны жоюға келген содырлармен қақтығысты. Нәтижесінде әскери операция сәтті аяқталып, рота нысанды сақтап қалды.
Әскери шарада аудан басшысы 10 күнге созылған оқу-жаттығу кезінде ауданның аумақтық қорғаныс батальонына әдістемелік көмек көрсеткен азаматтарға және әскери міндеттерін адал атқарып, әскери тәртіп пен жауынгерлік даярлықта жоғары нәтиже көрсеткен сарбаздарға алғысын жеткізді.
- Әлемдегі қазіргі геосаяси жағдайды ескеріп, әскери жиындардан өту әрбір қазақстандық үшін қажет және елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға қатысуы тиіс. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – елдегі қауіп-қатерлерге дайындықты тексеру. Шынығу, дайындалу, тәжірибе алу. Мұндай әскери жиындар – жай ғана әскери дайындық емес, әскери міндеттілер арасында бірлікті, үйлесімділікті және жауапкершілікті нығайтудың құралы десек болады. Әрбір қатысушы ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі өз рөлінің маңызын түсінеді. Мұндай шаралар азаматтардың кез келген қатер жағдайында әрекет етуге дайын болуының кепілі болары анық. Оқу жаттығу кезеңінде Қазалы ауданының аумақтық қорғаныс батальоны соғыс жағдайы кезеңінде аудан тұрғындарын, аумақтық қорғаныс объектілері мен оның аумағын қарсыластың әрекеттерінен қорғау мақсатында үлкен практикалық және теориялық тәжірибе жинады деп санаймын,- деді Алмасбек Әбілқасымұлы.
Әскери жиынның қорытындысымен оқу жаттығу кезеңінде сарбаздарға әдістемелік көмек көрсеткен азаматтар мен сарбаздар аудан әкімінің және облыс әкімінің бірінші орынбасарының, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Сонымен қатар оқу-жаттығуға қатысқан сарбаздарға арнайы кезекті әскер шендер табысталды.
Жиында Қызылорда облысы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі Нұрболат Сейітов пен №99215 әскери бөлімінің командирі Шайзатхан Абжапбаров алдағы уақытта да аудан аумағында мұндай жиындар жалғасын табатындығын айтып, оқу – жаттығуы кезінде белсенділік танытқан азаматтарға алғыстарын жеткізді.
20 қазан 2025 ж. 194 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 135

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 137

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 141

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 125

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 122

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 137

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031