Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Айнұр олжалы оралды

Айнұр олжалы оралды

Руханият пен білім саласында тер төгіп,абыройлы міндетті арқалап жүрген қазалылық мамандардың қай-қайсысы болсын өз ісінде озық. Соның айғағындай, жуырда Алматы шаһарында өткен республика көлеміндегі «Үздік кітапханашы – 2025» ауқымды байқауында аудандық орталық кітапхананың әдістеме-библиографиялық бөлімінің әдіскері Айнұр Әбілтаева екінші орынды еншілеп, аудан мерейін үстем етті.
Кітапханашылардың беделін арттыруға және олардың дамуын ынталандыруға бағытталған бұл додада еліміздің 18 облысынан ең үздік кітапханашылар бас қосып, өз кәсібіндегі шеберлігін ортаға салды. Мұндай үлкен бәсекеде екінші орын алу – нағыз ерлікке пара-пар жетістік. Біз Айнұрды жетістігімен қуана құттықтап, жарыстың әсерімен бөлісуін өтінген едік.
Әлі күнге толқынысын жасыра алмай, шабытты көңіл күймен әңгімесін бастаған Айнұр жарыс барысын былайша баяндап берді.
– Бастапқыда бізге «Ұлттық кітапхана» тақырыбында эссе жазу тапсырылды. Кейін үй тапсырмасы ретінде 2 минуттық бейнеролигімізді қорғап, төрт жобалық идеямды ұсындым. Шынымды айтсам, дайындыққа уақыт аз болды. Қатысатынымды қазан айының басында ғана білдім. Басқа қатысушылар екі айға жуық дайындалған екен. Соған қарамастан бар білімім мен тәжірибемді жұмсап, өзімді барынша көрсетуге тырыстым, – дейді ол.
Жарыс барысында Айнұр ерекше табандылық танытып, соңғы турда бар сұраққа мүдірмей жауап беріп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған.
– Соңғы кезең маған сәттілік сыйлады. 20 сұрақтың барлығына дұрыс жауап бердім. Ұйымдастырушылар да жауаптарымның толықтай дұрыс екенін атап өтті. Әрине, сайыс барысында эмоция, қобалжу, толқу болды. Бірақ он жыл бойы жинаған тәжірибемнің пайдасы тиді. Артымда сенім артқан ұжым тұрғанда, мен тек алға ұмтылуға тиісті едім, – дейді кейіпкеріміз.
Айнұр Әбілтаева бұған дейін де бірнеше мәрте ірі сайыстарда топ жарып, түрлі марапаттарға ие болған. Ол «Рухани Қазына» байқауында 500 мың теңге жүлде ұтып, 2021 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен марапат алған. Ал облыстық деңгейдегі жарыстарда көбіне бас жүлдені алып жүргені көпшілікке мәлім.
Алматыдағы жарыста екінші орынға ойысса да, Айнұр өз жетістігіне тәубе етіп, ерекше әсермен елге оралды.
– Жерлестерімнің қолдауын ерекше сезіндім. Әсіресе, Ұлттық музейде қызмет ететін сырбойылықтар сахнаға шыққан сәтімде қолпаштап, жігерлендірді. Сол сәт әлі санамда тұр, – дейді ол толқыныспен.
Бүгінде Айнұр өзіне артылған сенімді ақтап, ауданның ғана емес, облыстың намысын лайықты қорғап шықты. Ол үшін бұл жетістік– келесі биікке жетелейтін жаңа мотивация.
«Әріптестерім мені үлкен үмітпен шығарып салған. Облыстың атынан қатысқан соң, жауапкершілікті терең сезіндім. Еншімізге екінші орын бұйырды, оған да ризамын. Бұл – келесі жолы бірінші болуға шабыт беретін үлкен тәжірибе», – дейді Айнұр күлімдеп.
Иә, кітапханашылар – руханияттың ұйытқысы, ал олардың еңбегін ел танып, бағалап жатса, мәдениетке деген биік құрметтің белгісі. Қазалық кітапханашы қыз Айнұр Әбілтаева – осы жолда талмай еңбек етіп, өз кәсібінің абыройын асқақтатып жүрген нағыз жанкешті маман. Осы орайда, жерлесімізді жүлдесімен тағы мәрте құттықтап, жеңісті жолы жалғасын тапсын деп тіледік.
Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
21 қазан 2025 ж. 242 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031