Табысты тоғыз торап
Бүгінде теміржол көлігі елдің өндірістік инфрақұрылымының маңызды бөлшегі болып табылады. Ел экономикасын өрге бастыруда теміржолшы қауым еңбек көрігін қыздыра түседі. Ел өндірісінің өрістеуіне осылай өлшеусіз үлес қосып отырған теміржол – дамудың драйвері саналады. Қазір теміржол саласында игі істер көп. Мақсат – саланы бүгінгі биік талаптарға сай, бәсекелестікке қабілетті ету. Оның алғышарттары осы күндері ойдағыдай іске асуда. Бұл өз кезегінде болашақтан үлкен үміт күттіреді.
Қазақтың кең-байтақ даласының екі қиырын жалғастырған алғашқы шойын жол – “Орынбор-Ташкент” магистралының пайдалануға берілгеніне де бір ғасырдан асты. Сонау 1905 жылдан бері Орынбор-Қазалы аралығында жүк және жолаушы пойыздары жүре бастады. Бұл еліміздің темір жолдары тарихында алғашқы бастау болды.
Қазақстан мен Орта Азияда жүргізілген болат жол құрылысын салу әлемдік темір жол жылнамасының парағына кірген айтулы оқиға еді. Алғаш рет нақ осы жерге қаншама жұмыс күші жұмылдырылып, теміржол сусыз далалар мен құмды шөлейттер арқылы салынды. Іргетасы мықты қаланған паровоз жөндейтін депо мен Қазалы қазақтары “Сұлутам” деп атаған теміржол вокзалы патша заманынан бергі уақытта халықтың игілігіне қызмет жасауда.
Орынбор-Ташкент темір жолының салынуына байланысты Қазалы жерінде орыстардың көптеп қоныстануы теміржол торабының нығаюына ықпал етті. Қазалыға Европа мәдениеті мен Ресейдің революциалық рухтағы саясатын алып келді. Қазалы паровоз депосында бірінші болып социал-демократиялық РСДРП тобы құрылды. Аудандағы партия ұйымының тарихы да аталған үйірмеден бастау алған. Алғашқы жылдары депода 90 ғана жуық адам болды. Олар жүк және жолаушылар тасымалымен қатар паровоздың “О”, ”У” кейін “НВ” және “С” серияларын жөндеді.
Соғыстан кейінгі он жылдықта прогрессивтік тарту күшіне өтумен қатар, жаңа техниканы игеру мен жаңа технологияны енгізуде депо ұжымы ауқымды істер атқарды. Жөндеу цехтарында үлкен қиыншылықтар кездесті. Тепловоздың жаңа түрін игеруде депоның және теміржолдың жас тепловоз мамандары біліктілік көрсетті. Ұжымға Мәскеу, Ташкент институттарынан және де басқа оқу орындарынан тепловоз мамандары көптеп келе бастады. Уақыт өте ТЭ-3 сериялы қуатты магистралды тепловоздарын пайдалануға көшкеннен кейін, депо көтерме жөндеу жұмыстарымен айналысты.
Осылайша Қазалы локомотив депосы Қазақ темір жолындағы ірі тепловоз депосының жөндеу базасына айналды. Бұл экономикамыздың ілгері басуының, бүкіл елдің даму жолына түсуінің де басы болатын. Кезінде ел болып жұмылуы арқасында тарих беттеріне тың өзгеріс әкелген темір жол құрылысының қарқыны басылмады.
Тәуелсіздікке қол жеткелі теміржол торабында елеулі өзгерістер байқалды. Әрбір мекеменің құрылымы қайта өзгеріске түсті. Алда нарық заманына бейімделу міндеті тұрды. “Қазақстан темір жолы” республикалық мемлекеттік кәсіпорнында қосымша жұмыс орнын ашып, жөндеу мен өндірісті шоғырландыру, тепловоздарды жөндеуде өндірістік қуатты дамыту мақсаты алға қойылды. Қазалы локомотив депосы, ”Теміржолмашжөндеу” Еншілес мемлекеттік кәсіпорынның филиалы ТЭМ-2 сериялы маневрлі тепловоз жөндеу зауыты болып қайта құрылды. Темір жол құрылымындағы өзгерістерге қарамастан ұжым мүшелерінің кәсіби шеберлігі нәтижесінде жұмыс ұтымды ұйымдастырылды. Осы кездері жаңа технологияларды өндіріске енгізіп, тиімді пайдалануының арқасында кездескен қиындықтарды ауызбіршілікпен жеңіп келеді.
Қазалы тепловоз жөндеу зауыты Қазақстан теміржолындағы өзге зауыттармен салыстырғанда өзіндік орны бар ірі өндіріс. Қазалы маневрлі тепловоз жөндеу зауытының базасында Заңды тұлға “Дәулет А” акционерлік қоғамы, 2010 жылдың қаңтарынан бастап «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы Қазалы локомотив жөндеу зауыты болып қайта құрылды.
Бүгінде Қазақстанда төрт ірі тепловоз жөндеу орны бар. Соның бірі – ТЭМ-2 сериялы маневрлі тепловозына техникалық қызмет көрсету мен күрделі жөндеу жасайтын Қазалы зауыты. Осы саланың бүгінгідей даму даңғылына аяқ басуына аға ұрпақтың қосқан үлесі өлшеусіз, кезінде барлық күш-қуатын, жігері мен жалынын маңызды саланың дамуына жұмсаған қарттарды ешқашан назардан тыс қалдырмай, үнемі көңіл бөліп, көмек көрсетіп келеді.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА