Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Береке мен молшылық мерекесі

Береке мен молшылық мерекесі

Қызылорда қаласының төрі күйбең тіршілікпен басталды. Мұнда молшылық мерекесі саналатын жәрмеңке өтті. Қазалылықтар қала тұрғындары мен қонақтарын қыс айының алғашқы күндері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесімен қуантты.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев егін жинау науқанының аяқталуына орай «Алтын күз – 2025» мерекесі аясында облыс орталығында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін аралап шықты. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстанның Еңбек Ерлері қатысты. Жәрмеңкеде барлық аудандар мен Қызылорда қаласының шаруалары өз өнімдерін өндіруші бағасымен ұсынды. Аудандардан 500-ге жуық жүк көлігімен 1000 тоннадан астам өнім жеткізілді. Сауда сөрелеріне 150 тоннадан астам күріш, 30 тонна ет және 35 тоннадай балық өнімдері, 300 тонна картоп, 300 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 250 тонна бақша, 10 тоннадай сүт, 10 тоннаға жуық бакалея және кондитер өнімдері, 100 бас тоқты және 30 тонна жем-шөп қойылды.
Молшылық мерекесінің жәрмеңкесіне Қазалы ауданының шаруалары Ғани Мұратбаев пен Ахмет Ясауи көшелерінің қиылысына орналасып, ауданнан 60-қа тарта көлікпен барлығы 137 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылды. Атап айтқанда, 25 тонна күріш, 85 тонна шамасында картоп және көкөніс, 6 тонна ет, 14 тонна балық, 6 тонна сүт, сүзбе, құрт, қаймақ өнімдері және «Қазалы» кәмпиті өнімдері қала тұрғындарына нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен бағамен ұсынылды.
Қазалы ауданының жәрмеңкесіне аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы арнайы келіп, аудан шаруалары ұсынған өнімдермен танысты. Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аймақ басшысы мен жәрмеңкеге келген зиялы қауым өкілдеріне, қонақтарға мұндағы барлық өнімдердің тұрғындарға нарықтағыдан төмен бағамен босатылып жатқанын жеткізді. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне жиналған жұрттың қарасы қалың еді. Барлығы да арзандатылған жергілікті өнімге қызығушылық танытты.
Айта кететін жайт, биыл Сыр диқандары күзгі жиын-терімге уақытылы кірісіп, толағай табысқа қол жеткізді. 470 мың тоннаға жуық күріш жиналып, оның әр гектарынан 58,1 центнерден өнім алынды. Дәнді және майлы дақылдар, картоп, көкөніс, бақша өнімдерінен де мол өнім жиналды.

Айнұр ӘЛИ
21 қазан 2025 ж. 25 0

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 23

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 28

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 25

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 24

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 24

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 23

Орманға қорған

20 қазан 2025 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031