Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық қауіпсіздік бақылауда

Қоғамдық қауіпсіздік бақылауда

Облыстық прокуратураның тапсырмасына сәйкес аудан аумағында «Заңсыз мигрант – 2025» атты жедел-профилактикалық іс-шара жүргізілуде. Бұл шара көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, заңсыз миграцияның жолын кесу және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында қолға алынған.
Іс-шара аясында аудандық прокуратура мен полиция қызметкерлері бірлесіп, шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібіне сәйкес келуін тексеру бағытында рейдтер ұйымдастыруда. Рейдтер барысында шетел азаматтарының құжаттары, тіркеу мерзімі, еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсаттары мұқият тексерілуде. Сонымен қатар, олардың жұмыс істеп жүрген орындары мен уақытша тұрып жатқан мекенжайларына да назар аударылуда.
Нәтижесінде, көші-қон заңнамасын бұзған бірнеше жеке және заңды тұлғалар анықталып, оларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды. Атап айтқанда, елде болу мерзімі аяқталған, тіркеусіз жүрген, сондай-ақ рұқсатсыз жұмыс істеп жүрген азаматтар заң алдында жауапкершілікке тартылды. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес айыппұл салынып, кей жағдайларда елден шығару шаралары қарастырылған.
Қазалы аудандық прокуратурасы тұрғындарға көші-қон заңнамасын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Шетел азаматтарын тіркеусіз қабылдау, рұқсатсыз жұмысқа тарту немесе жалдамалы пәтер ұсыну – әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Сонымен қатар тұрғындардан мұндай құқықбұзушылықтар туралы ақпаратты тиісті органдарға хабарлауға шақырады.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
21 қазан 2025 ж. 225 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031