Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көз саулығы – өмір сапасының кепілі

Көз саулығы – өмір сапасының кепілі

Бүгінде адам денсаулығының маңызды құрамдас бөлігі – көздің көру қабілетін сақтау. Соңғы жылдары көз ауруларының түрі көбейіп, жас талғамайтын сырқаттар қатарына айналды. Әсіресе көз жанарының әлсіреуі мен көру қабілетінің төмендеуі жиі кездесуде.
Көз ауруларының ішінде ересектер арасында кең таралған түрі – катаракта, яғни халық арасында «көзге ақ түсу» деп аталатын дерт. Катаракта кезінде көз бұршағының бұлдырланып, жарық сәулесінің тор қабыққа өтуі қиындайды. Соның салдарынан көру қабілеті біртіндеп нашарлайды.
Мамандардың айтуынша, аурудың пайда болуына түрлі фактор әсер етеді. Болжамды себептері – қарттық, жарақат, созылмалы аурулардың асқынуы, сондай-ақ қант диабеті, экзема, зат алмасудың бұзылуы және ыстық температура жағдайында ұзақ жұмыс істеу бар. Катарактаның туа біткен және жүре пайда болған түрлері кездеседі.
– «Катаракта уақытылы емделмеген жағдайда соқырлыққа әкелуі мүмкін. Бүгінде бұл аурудың тиімді емі – хирургиялық жолмен көз бұршағын ауыстыру», – дейді дәрігерлер.
Көздің жиі қабынуы, қышу, қызару, ісіну секілді белгілер көбіне аллергиялық реакциялардан туындайды. Бұл – ағзаның қорғаныс жүйесінің шамадан тыс әсер етуінен пайда болатын құбылыс. Аллергияға түрлі себеп әсер етуі мүмкін. Үй шаңы, жануарлар, өсімдік тозаңы, тағам, косметика, тіпті дәрі-дәрмек те себеп болады.
Дәрігерлердің айтуынша, аллергия кезінде өз бетінше ем қолдану – ең жиі кездесетін және қауіпті қателік.
– «Көзге кез келген тамшыны өздігінен пайдалану немесе халық емін қолдану – жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан қабынудың нақты себебін анықтап, дәрігер кеңесіне жүгіну қажет», – дейді офтальмолог мамандар.
Көз ауруларының ішінде жиі кездесетін келесі дерт – миопия (алыстан көрмеушілік). Мұндай жағдайда көз торында бейне дұрыс қалыптаспай, алыстағы зат бұлдыр көрінеді. Әсіресе жасөспірімдер арасында кең таралған.
Миопия көбіне жарық жеткіліксіз бөлмеде жұмыс істеуден, көзге шамадан тыс күш түсіруден, кітапты немесе гаджетті тым жақын ұстаудан туындайды. Бұндайда көз тез талады, бейне бұлдырайды, адам затты анық көру үшін көзін сығырайтады.
Миопия мен басқа да көз патологияларын ерте анықтау – көз жанарын сақтаудың ең тиімді жолы. Осы мақсатта Қазалы теміржол ауруханасында заманауи офтальмологиялық құрылғы – оптикалық когерентті томография (ОКТ) аппараты іске қосылды.
– «ОКТ аппараты глаукома, көз нервісінің патологиясы, торлы қабық аурулары, макулярлы дегенерация және диабеттік, посттромботикалық ретинопатия сияқты күрделі көз дерттерін дәл және ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді. Аталған құрылғының артықшылығы – жоғары дәлдік пен қателіктің азаюы. Заманауи аппарат арқылы көз түбіндегі өзгерістерді нақты көруге болады», – дейді Қазалы теміржол ауруханасының офтальмолог дәрігері Берік Жадырасын.
Жаңа құрылғыны пайдалану үшін тұрғындар емханадағы офтальмология кабинетінде тіркеліп, тексеруден өте алады.
Дәрігердің айтуынша, қазіргі уақытта жасқа байланысты көз ауруларының ішінде макулярлы дегенерация жиі кездеседі. Бұл – көздің артқы сегментінің созылмалы, үдемелі ауруы, көбіне 50 жастан асқан адамдарда көру қабілетінің төмендеуіне себеп болады.
– «Жаңа аппараттың көмегімен дертті ерте кезеңде анықтап, емнің тиімділігін арттыра аламыз. Уақытында тексеруден өту – көздің саулығын сақтаудың ең сенімді жолы», – дейді Берік Жадырасын.
Қорытындылай келе, көз – адам өмірінің ең қымбат сезім мүшелерінің бірі. Оны қорғау, дер кезінде тексеруден өту және мамандардың кеңесіне жүгіну – әр азаматтың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауының белгісі.
Қазалы теміржол ауруханасының офтальмологиялық қызметі – аудан тұрғындарының көз саулығын жақсартуға бағытталған нақты қадамдардың бірі.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
21 қазан 2025 ж. 215 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031