Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындар тілегіне құлақ түрді

Тұрғындар тілегіне құлақ түрді

Мемлекеттік қызметтің басты мақсаты – халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, әрбір азаматтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты іс-шараларды жүзеге асыру. Осы орайда аудан көлемінде тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын дер кезінде қарау, олардың мәселелерін шешу бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтанов кезектілікке сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл қабылдау – тұрғындар мен жергілікті билік арасындағы ашық диалог орнатуға, өзекті мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік беретін маңызды алаңның бірі болып табылады.
Қабылдау барысында Мұрат Байғабылұлы тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштерін жеке-жеке тыңдап, сауалдарына нақты жауап берді.
Келушілер тарапынан негізінен тұрғын үй қажеттілігі, тұрғын үйлерін жөндеу, ауласына қиыршық тас төсеу, тұрғын үйлерін жекешелендіру сынды әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәселелер көтерілді.
Тұрғындардың өтiнiштерiн мұқият тыңдаған аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байғабылұлы әрбір мәселенің заңдылығына баға беріліп, оңтайлы шешiм табу үшін тиiстi жұмыстар жүргізілетіндігін атап өтті. Сондай-ақ сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, тұрғындардың өтініштерін бақылауда ұстауды тапсырды.
А. АЙДАРҚЫЗЫ
21 қазан 2025 ж. 221 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031