Батыр атына құрмет пе, қорлық па?
«Айдалада ақ отау, аузы, мұрны жоқ отау» деген қазақ фольклорындағы қатарды есіңе түсіретін осы бір көшені көргенде ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқаның естен шығып кетеді. Ер Махамбетше толарсақтан саз кешіп, ел қорымаса да, мұндағылар тобықтан құм кешіп, көкжиекке алаңдаумен күн өткізуде.
Құм қойнауындағы көше тұрғындары тынысымен арнайы танысып, мән-жайға қанықтық.
Әдетте көше деп көрікті, түзу жолдар, бағаналы жарықшамдар бой түзеген, қатар-қатар үйлер орналасқан белгілі бір аумақты айтпаушы ма еді?! Бас-аяғы жиырмаға жетпейтін үй қоныстанған орынға көше деп ат беріп, айдар тағудың қиысыны қалай келер екен? деген ой қылаң бергені рас. Аудандағы 5-квартал аймағындағы С.Сейфуллин атындағы №165 ғимараты жанынан өтетін Сәндібек Инабатов деген көшенің барын бірі білсе, бірі білмейді. Оған себеп те жоқ емес. Атауын айқындайтын не белгі, не бір жазу жоқ.
Алдын ала хабарласып, барғанымызбен, журналистермен жүздесуге санаулы адам жиналды. Айтуларынша, «Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайдының» керін кигендер бұған дейін де талай табан тоздырып, есік жағалаған. Өзгерген ештеңе жоқ. Билікке сенімнен қалған азаматтардың аузынан сөз суыру да оңайға соқпады.
Басты жанайқай – көшеге ешқашан жол түспеген. Бұл жайында Нұрғиса Сәрменов былай дейді:
– Есігімнің алдына 72 мыңға қиыршықтас төседім. Асфальтқа тапсырыс беріп қойдым. Тоннасы 26 мың тұрады. Аулама 40 тонна кетеді екен. Жаз, көктемде сыртқа шығып отыру мүмкін емес. Бір камаз өтсе, бұрқыраған шаң қолқаны қауып, өкпені бітейді. Көше түзелмесе, есігімнің алдын жөндеп қойғаннан не пайда? Асфальт төселсе, бәрімізге де жақсы болар еді. Шет жақта тұрғандықтан, 24 сағат желдің ұйытқуы бізге қиындығын туғызады. Мұны ескеріп жатқан ешкім жоқ.
Құм арасынан жыланға ұқсас дүниелерді көріп, сырын сұрағанымызда, ІІ топ мүгедегі Тілеуқабыл Көбеков:
– Бұл ауызсуға арналған құбыр. Көшенің бас жағындағы 4-5 үйге арық қазылып, басталған жұмыс аяқсыз қалған. Ол да түскі 15:00-18:00 арасында ағады. 45-50 градус ыстықта бақша суармақ түгілі, далаға шығудың өзі мүмкін емес. Сіз айтып отырған мына ирелеңдеген құбырлар сол көмілмей қалған су жолдары. Кейбірі жер бетінде жатыр, біразын ауыр техникалар ары-бері жүргенде сындырып кеткен. Оны қалпына келтіру оңайға соқпайды, – дейді.
Арлы-берлі өткен балалардың осы көшеде тұратыны болмаса, бұл жермен жүрмейтінін байқадық. Бала тұрмақ, үлкен адамның өзінде аптап ыстықта құмы апшыны қуыратын маңайдағы қыс пен күздегі қиындықты ойлаудың өзі ауыр. Тұрғындардың айтуынша, көлік қатынасының жайы тіпті қиын.
«Бұрын келіп көрмеген такси жүргізушісі болмаса, сырын білетіндер келмейді», – деген тақырып төңірегінде әңгіме қозғап тұрып, тағы бір мәселенің ұшығын байқадық. Қазір ақпараттық кеңістік дамыған тұста қызметі қолжетімді «Индрайвер таксиге» жүгінгенде, картада бұл көше жоқ көрінеді. JPS-ке шақыртқан орынды белгілегенде, трассаны көрсетіп тұрады. Бұл көшенің инфраструктурасы ғана емес, құжат жөніндегі мәселесі де дұрыс шешілмегенін байқатады.
– Мемлекет жыл сайын кәсіппен айналысуға үндейді. Кәсіппен айналысу үшін алдымен оның инфрақұрылымы шешілу керек. Кәсіп көкжиегін кеңітуді әркім армандайды. Бірақ қалай жасайды? Не жол жоқ, не көшесінде жарық жоқ, байланыс жүйесі әлсіз, – дейді Қарлығаш Боранбаева.
Көз мүгедегі Жаналы Дәрменов өзінің жанарының науқастығына ғана емес, жарықтың жоқтығы мектеп оқушылары үшін аса қажеттілігін айтады.
Қуаныш Ыбырайымов пен Сәндібек Инабатовқа 1988 жылы бір уақытта көше берілген. Ол кезде 4-5 үй болған. Содан бері не белгі қойылмаған, не жол, не су тартылмаған.Үйлерге жарықты, суды халық өз күшімен тартқан.
Ардагер теміржолшы Тастыбай Мұхашев: «Бірер жыл бұрын көше басын қазып жүрген техникаларды көзім шалды. Сұрасам, «ескі су жолын іздеп жатырмыз» дейді. Көшеге атау берілмей тұрып көшіп келген, байырғы тұрғын ретінде қай кезде қандай жағдай болғаны түгел көз алдымызда. Сонда құжат бойынша су келді делінген болып тұр. Мынау алдыңызда тұрған жырық бағанасы құрылған соң, екі жылдан кейін тағы жанама құрылыс жүргізілді. Екі баған қатар тұрды. Жаңа бағанды неге қайта жаңартып жатқандары туралы сұрағанда, жұмысшылар: «Аға, білмейміз, тендерден жеңіп алыпты. Салуымыз керек», – дегенді айтты. Жыл өтпей жаңа салынғанын қайта алып кетті. Қазір мүлде жарық жоқ», – дейді.
Көшеде қордаланған мәселе көп. Шеткі үйлер картада көрінбегендіктен, құжатын дайындау қиындық тудырған Бұдан өзге көшеде 9 санды екі үй барын естіп-білдік. Сондай-ақ «Қазақтелекомның» кабельдерін ілетін баған ескірген, кейбірі алынып тасталғандықтан, жерде салбырап тұрған қауіптілігі ата-аналар үшін үрей тудырып отыр.
Батырдың туысы Гүлнар Демесіновамен хабарласқанымызда: «Бауырымның есімін есте қалдыру үшін көшеге атау бергенінде төбеміз көкке тиген. Қазір оны айтудың өзі ұят. Аудандағы көшелер кезең-кезеңімен жаңаланып, әлеуметтік мәселелері шешіліп жатады. Ал бұл көшеге кезек 33 жылдан бері тимей келеді. Қауқарым келсе, өзім-ақ бас-аяғын жөндеп, тым құрығанда, бір ескерткіш белгі қояр едім. Бірақ ол басшыларға сын емес пе?» – дейді ашына. Ержүрек жауынгердің жақында анасы өмірден өткенін естідік. Ол кісі де баласының аты аталған көшеге жөндеу жүрсе деген ойды дұғасындай аузынан тастамаған көрінеді.
Сәндібек Инабатов – Ауған соғысында танк жүргізушісі болып, қайнаған қанды қақтығыста 8 рет кең көлемді арнайы тапсырмаға қатысып, мақтау-марапатқа ие болған сарбаз. 1982 жылы мақсатсыз торуыл тойтарысының біріне жіберіліп, шатқал арасына жасырынған қарсыласты тоқтаусыз талқандап келе жатқан әскерилер дұшпандар жолға қойып, тосқауыл болған минаға тап болады. Автомашина колонасын атқылайтын жауынгер жігіттің танк джинасында жанталаста соңғы демі қалғанша жаумен арпалыста болады. Жарылыс әсерінен қатты зардап шеккен төрт Кеңес әскерилерінің бірі Сәндібек Инабатов әскери ұшақпен Ташкент қаласындағы госпиталға жеткізілгенімен, ақ халаттылар жанын алып қала алмайды. Осылайша ортақ Отанды қорғау жолында жау жерінде 1982 жылдың 5 мамырында ерлiкпен қаза тапқан қазақ ері “Қызыл Жұлдыз” орденiмен марапатталды. Алайда ол күнді көре алмаған жалынды жерлесіміздің мүрдесі Қазалыға салтанатты түрде жеткізіледі.
Жастығын жалынды қақтығыс даласы шарпыған интернационалист Инабатовтың келте өмірін ойыңа оралтатын қысқа көшедегі толымсыз тірліктен санаңды еріксіз толқыныс билейді. Аудан орталығында тұрып, өгейлік сезініп отырған тұрғындар қашан, қай күні атқарылса да Инабатов көшесінің де игілік көруіне мүдделі, мақсаттас. «Ерге құрмет – елге міндет» демеуші ме еді... Көңілге ұялаған көріксіз көріністерді көріп, біздің ерге көрсеткен құрметіміздің сыйқы осы болғаны ма деген ойда қаласың...

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА