Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Тұман, найзағай, қатты жел»: Бүгін еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

«Тұман, найзағай, қатты жел»: Бүгін еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады.
Фото: pixabay
Қазақстанның 14 облысында 6 қыркүйекте дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, күндіз облыстың шығысында соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 6 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 6 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 6 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрып, облыстың орталығында, солтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 6 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15 м/с болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 6 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі.

Түнде және күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, облыстың батысында, орталығында бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 6 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай ойнап, жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында найзағай ойнайды, облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжанады. Түнде және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Қостанайда 6 қыркүйекте найзағай ойнап, шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 6 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада 6 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Таңертең және күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 6 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Аягөз ауданындағы екпіні 15-18 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Оралда 6 қыркүйекте найзағай ойнап, солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
06 қыркүйек 2025 ж. 136 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 127

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 127

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930