Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәртебесі биік мемлекеттік тіл

Мәртебесі биік мемлекеттік тіл

Фото: ашық дерекөзден алынды
Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі елде 2018 жылдан бастап қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай аталып өтіп келеді. Бұл мереке – елімізде тұратын барлық этнос өкілдерінің ана тіліне құрмет көрсететін ортақ мейрамы.
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай облыс көлемінде ауқымды шаралар ұйымдастырылуда. Мерекелік бағдарламаларда тілдің қоғамдағы орны мен маңызын насихаттайтын мәдени-танымдық кездесулер, дөңгелек үстелдер, әдеби кештер мен жастарға арналған түрлі байқаулар өткізілуде. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, көпұлтты елдегі ынтымақ пен бірлікті нығайтуға бағытталған бастамаларға ерекше көңіл бөлінеді.
Биылғы тілдер мерекесі халқымыздың рухани дамуы мен мәдени мұрасын ұлықтауда аса маңызды тарихи кезеңдермен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, Тәуелсіздігіміздің тірегі – Конституцияның 30 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы. Мұның барлығы тіліміздің мәртебесін, ел бірлігінің берік негізін айқындайтын аса маңызды оқиғалар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында және Ұлттық құрылтай отырыстарында мемлекеттік тіл мәселесіне үнемі назар аударып келеді. Президент «Қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қарым-қатынас тіліне айналады» деген болатын. Жалпы бұл мереке Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің ортақ мейрамы. Бұл күні әркім өз ана тіліне құрмет көрсетіп, мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосудың маңыздылығын сезінеді. Осы мақсатта аймақта арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, 2-11 қыркүйек аралығында онкүндік жарияланды. Оның алғашқы күні «Тіл болашағы – балабақшада» тақырыбымен басталып, бүлдіршіндерге арналған акциялар өтеді. Ал негізгі салтанатты жиын 5 қыркүйек күні Достық үйінде ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, онкүндік аясында шығарма, эссе, бейнероликтер байқаулары, дөңгелек үстелдер, көрмелер, пікірталастар мен мәдени шаралар өткізіледі. Әрбір күнге мазмұнды тақырыптар бекітілген. Сала мамандарының айтуынша, тіл саясатын жүзеге асырудағы жұмыстар тек мереке аясында ғана емес, жыл бойына үздіксіз жалғасатын болады. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оны ғылым мен білімнің тіліне айналдыру – басты міндеттердің бірі.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қызылорда облыстық филиалы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге, мәртебесін арттыруға және жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ерекше назар аударып келеді. Осы мақсатта жыл басынан бері өңірде көптеген мәдени-рухани, танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Әсіресе, мектептер мен жоғары оқу орындарында түрлі байқаулар, әдеби кештер, шығармашылық кездесулер өткізілді. Сондай-ақ, тілдің қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған дөңгелек үстелдер, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар ұйымдастырылып, зиялы қауым мен жастар арасында қызу пікір алмасулар жүргізілді. Жыл бойына тағылымды шаралар өткізіліп келеді. Олардың барлығы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, ұрпақ санасында ұлттық құндылықтарды бекітуге, жастардың рухани дамуына айрықша үлес қосып отыр. Сонымен қатар этностар арасындағы татулық пен өзара түсіністі нығайтуға да ықпал етуде. Биылғы мереке аясында Исатай Әбдікәрімов атындағы политехникалық жоғары колледжінде «Бір шаңырақ астында – көп тіл, ортақ жүрек» атты тілдер фестивалі өтеді. Бұл фестивальде ұлттық мәдени көрмелер, әр ұлттың салтанатты шеруі, концерттік бағдарламалар ұсынылып, түрлі тілдерде ән-жырдан шашу шашпақ.
Айнұр ӘЛИ
06 қыркүйек 2025 ж. 29 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 23

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 26

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 23

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930