Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Екінші орынды еншіледі

Екінші орынды еншіледі

2025 жылдың 29 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында Қызылорда қаласында волейболдан балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында 2012-2013 жылы туған оқушылар арасында №2 облыстық олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің ашық біріншілігі өтті.
Аталмыш додада Қазалы ауданындағы №17 ОРМБЖМ-нің волейбол бөлімшесінің спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдегер атанды.
Жарыс барысында жас волейболшылар өздерінің дайындығы мен шеберлігін көрсете білді. Қарсыластары осал болмағанымен, Қазалы командасының ойыншылары ұйымшылдықтың, төзімділіктің және тактикалық ойынының арқасында финалға дейін сүрінбей жетті. Ақтық сында тартысты ойын көрсеткен спортшылар тек бір ұпай айырмасымен жеңісті қолдан жіберіп, екінші орынды еншіледі.
Команда құрамында өнер көрсеткен жас спортшылар – аудандық спорт мектебінің болашағы зор тәрбиеленушілері. Олар бұған дейін де түрлі аудандық, облыстық сайыстарда топ жарып, тәжірибе жинаған. Бұл жолы да олардың жеңіске деген жігері мен бапкерлік құрамның жүйелі жұмысы нәтиже берді.
Айта кетейік, командаға №17 ОРМБЖМ-нің тәжірибелі жаттықтырушылары жетекшілік етіп келеді. Олар шәкірттерінің әр жетістігіне қуанып, алдағы уақытта республикалық деңгейдегі додаларда да жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенім білдіруде.
Арайлым ЖҮСІПОВА
06 қыркүйек 2025 ж. 216 0

Қытайда жер сілкінді

20 қараша 2025 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930