Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Теріс ағымға тосқауыл – түсіндіруден басталады

Теріс ағымға тосқауыл – түсіндіруден басталады

Ауданда діни тұрақтылықты сақтау, терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында жоспарлы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Соның аясында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Қазалы ауданы бойынша бөлімше меңгерушісі, теолог Дәулет Жарылқасын арнайы түсіндірме кездесу өткізді.
Бұл жолғы шара Қазалы қаласындағы №18 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушыларымен өтті. Жиын 2024-2026 жылдарға арналған «Денешынықтыру және спорт саласында терроризм мен экстремизмнің алдын алу жөніндегі Жол картасы» негізінде ұйымдастырылды.
Кездесу барысында теолог маман жаттықтырушыларға діни радикализмнің мәні, қоғамға тигізер залалы, жастардың теріс ағым ықпалына түсуінің себептері мен оның алдын алу жолдарын жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, патриоттық тәрбие мен ұлттық құндылықтардың жастар тәрбиесіндегі орны ерекше екені айтылды.
Қоғамда қауіп төндіретін радикалды идеологияға қарсы күрестің ең тиімді жолы – ақпараттық түсіндіру, діни сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау екені баса айтылды.
Мұндай кездесулердің спорт мекемелерінде өткізілуі – жастармен тікелей жұмыс жасайтын мамандардың жауапкершілігін арттырып, экстремизмнің алдын алуда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
А. ЖҮСІПОВА
05 қыркүйек 2025 ж. 38 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930