Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қуатты қадам: жарық жүйесі жаңаруда

Қуатты қадам: жарық жүйесі жаңаруда

Ауданда тұрғындарды үздіксіз электр энергиясымен қамту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Елді мекендердің электр желілері мен қуат көздерін жаңарту – ауданның инфрақұрылымдық дамуының маңызды бір тармағы. Бұл жұмыстар халықтың күнделікті тұрмысын жақсартып қана қоймай, кәсіпкерлік пен өндіріс салаларының қарқынды дамуына да ықпал етеді.
Өткен жылы ауданда электрмен жабдықтау бойынша үш жоба іске асырылды. Бұл жобалар ескірген электр желілерін жаңғыртуға, қуаттылықты арттыруға және апаттық жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Соның нәтижесінде бірнеше ауылдық округ пен жаңа құрылыс аймақтары тұрақты энергиямен қамтыла бастады. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда. Қазіргі таңда Қазалы қаласы мен Қожабақы ауылында электр желілерін жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстар желілердің тозу көрсеткішін 62,5 пайыздан 58 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Электрмен жабдықтау мәселесінің шешілуі аудан тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін ғана емес, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарының ашылуына, шағын және орта бизнестің дамуына, әлеуметтік нысандардың тұрақты жұмыс істеуіне тікелей әсер етеді. Жасыратыны жоқ, ауданда тұрғындарды электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда. Тозған желілерді жаңарту, жаңа стансалар салу арқылы инфрақұрылым тұрақтылығы артып, тұрғындар сапалы қызметке қол жеткізуде.
Бәрімізге белгілі, ауданда тұрғын үйлер санының көбеюі мен әлеуметтік нысандар құрылысының қарқын алуы электр энергиясына деген сұранысты арттыра түсті. Бұл өз кезегінде аудан электр желілерінің қуаттылығын арттырып, жаңғырту қажеттілігін алға тартты. Осыған орай, 2024 жылы электрмен қамту саласында бірнеше маңызды жобалар қолға алынып, бүгінде жоспарлы жұмыстар нәтижесін бере бастады.
Жуырда Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінің арасындағы жаңадан бой көтерген тұрғын үйлерге тұрақты қуат тарту мақсатында қуаттылығы 35/10 кВ болатын жаңа қосалқы стансаның құрылысы басталды.
Аталған нысанның құрылыс жұмыстарына 1 миллиард 416 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп, келер жылы республикалық бюджеттен тағы 378 миллион теңге қарастыру көзделген. Қазіргі таңда мердігер мекеме – «Энергомера» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарының 25 пайызын аяқтап, негізгі жабдықтарды құрылыс алаңына жеткізді. Қазіргі таңда жер қазу жұмыстары толықтай аяқталып, нысанның фундаменттік блоктары орнатылды. Бұл – құрылыстың негізгі кезеңіне өткенін білдіреді. Енді құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізіліп, жоба жоспарға сай әрі сапалы орындалуына мән берілуде. Жоба аяқталған соң жаңадан бой көтерген кварталдар сапалы әрі тұрақты электр энергиясымен қамтылмақ.
Айта кетейік, жуырда ауданға қарасты бірқатар ауылдық елді мекендерде сапалы электрмен қамту бағытында жұмыстар бастау алмақ. Атап айтқанда, Түктібаев, Бозкөл, Жалаңтөс батыр, Қ.Пірімов, Жанкент және Абай ауылдарының жеке тұрғын үй секторларын электрмен жабдықтау мақсатында жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан оң қорытынды алынды. Қазіргі уақытта құжаттар тиісті министрлікке жолданып, қаржыландыру мәселесі қаралуда. Жобалар мақұлданып, іске асса, ауыл тұрғындарына сапалы жарық жеткізіліп, тұрмыстық жағдай едәуір жақсарады.
Тұрақты қуат – жайлы өмір мен экономикалық дамудың кепілі. Ауданда жүзеге асып жатқан бұл жобалардың аясында алда электр тапшылығы емес, сапалы жарық пен тұрақты энергиямен қамтылған қауіпсіз жүйе қалыптасары сөзсіз.

Арайлым ЖҮСІПОВА


06 қыркүйек 2025 ж. 28 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 24

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 27

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 23

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930