Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстазыма мың алғыс

Ұстазыма мың алғыс

№266 мектеп-лицей оқушылары “Ұстазыма мың алғыс” акциясын өткізіп, ұстаздарға қуаныш сыйлады. Бұл шараның өтуіне мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынай Ысқақова мен тәлімгерлер Жанат Жұмағалиева, ­Майра Мамбетова ұйытқы ­болды.
Мектеп директоры Сейілхан Бердібекұлы ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шығармашылықты, рухани байлық пен ұлттық қасиетті сіңіруге аянбай тер төгіп жүрген ұстаздар қауымын мерекемен құттықтап, алғысын жеткізді.
Шәкірттер “Ұстазым саған, мың алғыс!” әнін хормен, жеке дауыста “Жақсы адамдарым”, “Алғыс” әндерін орындады.
– “Алғыс айту” күніне арналған іс-шаралар ақпан айының соңғы күндерінен бастап өтілуде. Оқушылар “Көркем-Сервис” ЖШС, Халыққа қызмет көрсету орталығына, “Жанқожа батыр” мешітіне, аудандық ішкі істер бөліміне, Қазалы теміржол ауруханасына, “Шапағат” балаларды сауықтыру-оңалту орталығына барып, мекеме қызметкерлеріне алғыс білдірді. “Алғысым – сіздерге” тақырыбында челлендж ұйымдастырылды. Барлық сыныпта “Алғыс айту парызым” сынып сағаты өтті. “Жаныңда жүр жақсы адам” шарасы аясында балалар әлеуметтік топтағы оқушыларға, аналарға қолғабыс етті. “Бірлігіміз жарасқан” атты мерекелік кеште өзге ұлт өкілдері қазақ халқына деген ыстық лебізін жеткізіп, көпшілікті татар ұлтының тағамынан ауыз тиюге шақырды. Сондай-ақ патронаттық ата-аналарды құттықтауға арналған “Мейірім” акциясы өтті, – дейді Алтынай Аманкелдіқызы.
Осыдан үш жыл бұрын алғашқылардың бірі болып қазақ халқының ұлттық ою-өрнегімен нақышталған мектеп формасын киюді қолға алған ұжым биыл да дәстүрден жаңылмады. Қазір білім ордасындағы 85 сынып комплектісінің барлығы дерлік ұлттық үлгідегі форма киіп жүр.
Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ
07 наурыз 2020 ж. 2 354 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031