Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мәдениет өкілдері алғыс айтты

Мәдениет өкілдері алғыс айтты

1-наурыз – Алғыс айту күні. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, №173 Жарлыққа қол қойған болатын. Мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту.
Осыған орай, 28 ақпан күні Аудандық орталық кітапхана ұжымы Аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне Сыр өңірін дамытуға, рухани-мәдени мұрамызды насихаттауға, ел игілігі үшін жасаған еңбектеріне жеміс, қызметтеріне толағай табыс тілеп, бүгінгідей атаулы мерекеде халқымызға жасаған адал еңбектері үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімін, Аудандық білім бөлімін, Әйтеке би кенттік клубы ұжымын, Аудандық Ардагерлер кеңесінің ұйымын, «Қызылорда облыстық архиві» мемлекеттік мекемесінің Қазалы аудандық филиалын, Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығын, аудандық «Қазалы», «Тұран-Қазалы» газеті редакциясының ұжымын, сонымен қатар, кітапхананың тұрақты оқырмандары, кітап жанашырлары Ысқақ Айжаһан, Бекетов Қадірбек, Махамбетов Жеткербай, Әубәкіров Мұңсызбай, Қуанышбаев Серік ағаларымызды Алғыс айту күні мерекесімен құттықтап, атаулы мерекеде халқымызға жасаған адал еңбегі үшін АЛҒЫС білдіріп, «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтыру орталығы тәрбиеленушілеріне, Аудандық аурухана ұжымы мен балалар бөлімінің емделушілеріне ертегі кітаптар ұсынып, тәттілер тарту етті.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
29 ақпан 2020 ж. 840 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930