Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жақсының сөзі саф алтын

Жақсының сөзі саф алтын

Осындай тақырыппен аудандық орталық кітапханада 1-Наурыз Алғыс айту күніне орай дөңгелек үстел өтті. Оқу залында «Алғыс – сөздің асылы» тақырыбында ашық кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды. Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен өзара сенімділік, барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметтің орнығуына негіз болатын идея. Тағдыр тәлкегімен Қазақстанға еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен оның қонақжайлылығына деген терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді. Бұл еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
«Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен ел азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Бір-бірімізге шынайы алғыс білдіру татулықтың белгісі», – деді ардагер-ұстаз Қ.Бекетов.
Сондай-ақ, әр саланың мамандары: Г.Меңдібаева, А.Салжекенова, А.Сүйеубаева, Ш.Сейтенова, А.Мырзалы, А.Қожахмет, Ш.Жаманқараева, Д.Нұртуған жиылғандарды айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.
Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу мақсатында өткен жиында кенттік клуб қызметкері Р.Мақсатбаев, Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері А.Әйтен, А.Қылышбай әннен шашу шашты. Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектептің оқушылары өз жүректерінен шығарған арнау өлеңдері мен ақын-жазушылардың жырларынан үзінді оқыды.
Кеш соңын аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры И.Назарова қорытындылады. Маңызды шараға қатысқан қонақтарға шексіз ризашылығын білдіріп, сый-сияпат ұсынды.
А.ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ.
28 ақпан 2018 ж. 3 703 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930