Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Рамберді ишан шарапаты

Рамберді ишан шарапаты

Бірлік ауылы Әйтеке би кентінен 35 шақырым қашықтықта Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан. Халық Кәукей, Бөзкөл, Қожабақыға және аудан орталығы мен Қазалы қаласына бару үшін осы ауылдың үстінен «Қарлаң» қалқымалы көпірі арқылы өтеді.
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: "Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес". Дегенмен Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында түрлі іс-шаралар жүзеге асырылды. Жоғалған табылды, өшкен жанды, ұмытылған қайта жаңғырды. Көптеген зобалаң ақиқаты анықталды, ұлттық құндылықтар түгенделіп, тарихи жәдігерлер бүтінделді. "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандар қайта жаңғыртылды.
Осындай бағдарлама төңірегінде қаншама маңызды істер атқарылды. Соның бірі 1997 жылы ашылған Бірлік ауылындағы "Рамберді ишан" мешіті. Кейін ауыл ақсақалдары Темірбай Елемесов, Әлжан Қалжанов, Қошқар Баймұратов және Төлепберген Бердібаев, сол кездегі ауыл басшылары Чкалин Мұратбаев пен Есенкелді Мәлиевтердің ұйымдастыруымен ескі мешіт үйі қалпына келтірілді. ҚМДБ-ның иелігіне өткен діни ғимарат заман талабына сәйкес келмейтіндіктен жаңадан қайта салынған. Ауыл тұрғындарының ұсынысын қолдаған аудандық мәслихат депутаты Бекғали Бекбауыловтың қаражатымен үш айда жаңа мешіт тұрғызылды. 2015 жылы 8 қазанда "Рамберді ишан" мешіті облыс және аудан азаматтары, имамдардың қатысуымен пайдалануға берілді.
Тарих бетін парақтасақ, 1835-1915 жылдары өмір сүрген Тоғанас ишан ХІХ ғасырдың 60 жылдары қазіргі Бірлік ауылында мешіт салдырған. Балалары Рамберді, Керімберді, Суханберді және Әбибулла Бұхара, Самарқанд қалаларындағы медреселерден білім алған. Барлығы да діни сауатты, өз заманының бетке тұтар азаматтары атаныпты. Әйтсе де солардың ішінде өзгелерінен еңсесі биіктеу, әке жолын жалғастырған тіпті, атақ-абыройы әкеден де асып түскен баласы Рамберді болған деседі. Сонымен қатар от ауызды, орақ тілді шешен де болса керек. Бертін келе мешітті Рамберді ишаннан кейін Әбжалал мақсым ұстаған деген дерек бар. Рамберді заманында Жетес бимен жолдас болып, оған сопылықты берген екен.
"Рамберді өте сауатты, діндар кісі болған. Оның дін жолына арналған 3 кітабы Қазан қаласынан жарық көріпті. Бірақ ол кітаптардың қайда екенін ешкім білмейді. "Рамберді ишан" мешітінің жанында орналасқан кітапханасында кітап қоры өте көп болған. Ол Сырдарияның арғы бетіндегі тұрғындарға діни дәріс берген", – дейді Жолмырза қария.
Жақсыдан – шарапат. Ескі атауын қайта жаңғыртқан "Рамберді ишан" мешіті бұл күні Бірлік ауылы тұрғындарын имандылық пен тазалыққа ұйытатын қасиетті де, қастерлі орынға айналып отыр.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
29 сәуір 2019 ж. 2 645 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 53

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930