Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Құрылысы ерекше ескерткіш

Құрылысы ерекше ескерткіш

Туған өлке – Қазалы ауданын халық "қазыналы, киелі" мекен деп бекер атамаса керек. Оның әрбір тасы мен сайын түртіп қалсаң, тұнған шежіреге толы. Зерттеліп, ашылмағаны қаншама?! Қасиетті жерден небір би-шешендер мен қолбасшы батырлар, әулие-әмбиелер сынды текті тұлғалар шығып, тарих бетінде қатталды.
Көларық ауылдық округіне қарасты Ақтан батыр ауылында ескі құрылыс нысандарының біріне баланған Әзілхан ишан мешіті орналасқан. бұл имандылық үйін 1900-1910 жылдар аралығында жергілікті шебер Әбілдай Нұрымбетұлы Әзілхан ишанның тапсырысымен салған деседі. Деректерге сүйенсек, оның кірпіші бие сүтіне майдалап қиылған жылқының жалы мен ешкінің қылы қосылып, дайындалған. Мұнда намаз оқитын үлкен зал, қызметтік, бала оқытатын және тамақ дайындайтын бөлмелер бар. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары мешітті мектеп, шеберхана, тауық фермасы, дүкен және қойма ретінде пайдаланған. 1962 жылы наубайхана қызметін атқарған. Кейін 1986 жылы ескерткішті «Қазжобақалпынакелтіру» институтының экспедициясы зерттеген. Ал тәуелсіздік алған жылдары тарихи ғимаратты қайта мешіт ретінде қолдануға рұқсат етілген.
Әзілхан ишан Қожаназар, Тiлеулес ишандардың замандасы. Бұхарадағы Көкiлтас медресесiнде бiрге оқыған. Ол 1854 жылы Қазалы уезінің Көларық елді мекенінде Домақ ауылында (қазіргі Ақтан батыр) дүниеге келген.
Жалпы "ишан" атауы – ислам дінінің білгірі, мұсылмандардың жетекшісі және дін ғұламасы дегенді білдіреді. Қажылыққа барып, діни білім дәрежесін толықтырған мұсылмандар "ишан" атағын алып отырған. Олар адамдарды емдеу қасиетіне де ие болған.
Мақаш Әбдікәрімовтың «Қожаназар ишан және ислам тағылымы» атты зерттеу еңбегінде Қожаназар ишан 16 жасында бір топ баламен бірге Бұхараға оқуға аттанады. Бұхарадағы Көкілташ медресесін Тілеулес және Әзілхан ишандармен бірге бітіріп шығады делінген. Елге келген соң Әзілхан ата халыққа ислам діні жайлы уағыздар айтып, шәкірт тәрбиелейді. Ауру-сырқауларға, жанына ем таппағандарға, перзент сүйе алмағандарға шипасын дарытқан.
1913 жылы Қазалы уезінде атақты мешіттер болған. Бұлардың қатарында Ноғай мешіті, Сарт мешіті, "Әзілхан ишан" мешіті, Сайғондыда "Тілеулес ишан", Бөгендегі Тәжімбет, Сырдария бойындағы "Қожаназар ишан" мешіті бар. Қазалыдағы кеңес заманына дейінгі 57 мұсылман мектептің бірі осы "Әзілхан ишан" мешітінде орналасқан. Әзілхан ишан 1917 жылы дүниеден өтеді.
2015 жылы 25 мамырдағы Қызылорда облысы әкімдігінің №19 қаулысы негізінде "Әзілхан ишан" мешіті жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Бүгінгі күні мемлекет қорғауында.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

22 сәуір 2019 ж. 3 735 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930