Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Әлсейітте» құрылыс қарқынды

«Әлсейітте» құрылыс қарқынды

Қазалы ауданының аумағында Сырдария өзенінің «Абай», «Қарлан» және «Әлсейіт» учаскелерінде 3 қалқымалы көпір мен Байқожа елді мекені тұсында жылжымалы паром орналасқан. Қалқымалы көпірлер арқылы өзеннің сол жағалауындағы 18 ауылдың 16 мыңға жуық халқы аудан орталығына қатынайды. «Байқожа» паромы – Ақсуат пен Байқожаның тұрғындары үшін сол жағалаудағы мал жайылымдары мен шабындықтарға, Сарбұлақ, Сортүбек ауылдарына баратын өткел.

Ал Сарыкөл ауылдық округіне қарайтын елді мекендердің халқы «Абай» қалқымалы көпірін пайдаланып келеді. «Қарлан» қалқымалы көпірі Өркендеу, Бірлік, Лақалы, Отгон, Тасарық, Қожабақы, Аранды, Бөзкөл, Кәукей және Ажар тұрғындарын аудан орталығымен байланыстырады. «Әлсейіт» учаскесіндегі көпір өткелін Бекарыстан би, Жалпақ, Майдакөл, Түктібаев, Қожабақы, Аранды елді ме­кендерінің 8 мыңнан астам халқы пайдаланып отыр. Оған қоса қоңсы қонған Арал ау­данының Қызылжар, Қосжар, Жетес би, Аманөткел, Жаңа­құрылыс, Қаратерең және Бөген тұрғындары, балық шаруа­шылығымен айналысатын кәсіпкерлер де «Әлсейіт» өткелінен өтеді. Осы учаскеге көптен күткен көпір салу мәселесі шешімін тауып, құрылыс басталғалы жылдан асты.

Көпірдің ұзындығы – 219, ені 12 метр. Автокөлік жүре­тін екі жолақты жолы, жаяу жүргіншілерге арналған тротуары бар, 180 тонналық көлікті көтере алады. Қазір №4 және 7 тіреулер аралығындағы кон­струкциялық элементтер бетондалып, аралық балкаларды бетондауға арматурадан қаңқа тоқылуда. Құрылысшылар 2 ауысыммен жұмыс істейді. Нысан басына құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған қосалқы электр станциясы орнатылған. Жоба құны 2,7 млрд теңгені құрайды. Бас мердігер «КА-Строй ЛТД» ЖШС жоба-сметалық құ­жаттарға сәйкес жұмыс жүр­гізуде. Көпір алдағы жылы пайдалануға берілмек.

Облыстық жолаушылар кө­лігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қ.Әбсұлтановтың айтуынша, су көбейген кезде жол қатынасы қиындығын туғызатын «Қарлан» учаскесіне көпір салу үшін техника-экономикалық негіздеме әзірле­нуде.

Жалпы облыс аумағында облыстық, аудандық маңызы бар жолдар бойына орналасқан көпірлерді жөндеудің жол картасы бар. Осыған сәйкес көпірлер кезең-кезеңмен жөн­деуден өткізіледі.
27 қараша 2018 ж. 1 930 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930