Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Дана сөздің дарасы

Дана сөздің дарасы

Қалалық кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ұлттық әдебиетіміздің көрнекті өкілі, ақын, тарихшы, сан қырлы талант иесі Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын насихаттау барысында «Дана сөздің дарасы» атты әдеби-жыр кеші болып өтті. Кешке №17 мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ұ.Бисенбаева, аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі А.Айтжанова, қалалық балалар кітапханысының меңгерушісі Т.Мырзалиева, Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің кітапханашысы К.Иниятова және студенттер қатысты.
Кештің мақсаты жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеу рухани мұраны сақтауға және оқуға деген қызығушылықты ояту.
Шарада «Бір ел – бір кітап» акциясы тарихына, ақынның өмір жолы мен шығармашылығына кеңінен тоқталып, Шәкәрімнің ұлы да ойлы өлеңдері оқылды. Кеш барысында колледж студенттері М.Мәмбетов, С.Өтеген, Ж.Сқақ, Г.Аманжолова, А.Орынбасарқызы, сонымен қатар С.Каренов, А.Иманалиев ақынға өз жүректерінен арнау арнады.
Ал кітапханашы Ж.Ерімбетова ақын шығармашылығынан ұйымдастырған «Шәкәрім шыңы» атты кітап көрмесін оқырмандарға таныстырды.
Кешті аудандық орталықтандырылған кітапхананың библиографы С.Бекмембетова қорытындылап, кешке белсене қатысқан оқырмандарға кітапхананың атынан естелік кітап ұсынды.
Салтанат КӘРІМ,
кітапхана оқырманы.
11 маусым 2018 ж. 2 731 0

Тиісіп қоймады ғой

15 сәуір 2024 ж. 79

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930