Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тұғыры биік Тәуелсіздік

Тұғыры биік Тәуелсіздік

Қалалық кітапханада 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты тарихи танымдық кеш өткізілді. Онда «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы айту арқылы оқушылар бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру бағытында ұйымдастырылған кешке қала әкімінің орынбасары А.Әбілхан, Қазалы аудандық Семей атом полигоны ардагерлер қоғамының төрағасы Ө.Күлімбетов, желтоқсан оқиғасының куәгері А.Қожақова, қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі Т.Мырзалиева, М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейдің тарих пәнінің мұғалімі М.Қожақметова тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді.
Ғ.Мұратбев атындағы №17мектептің 9 сынып оқушылар Д.Шакірова, Ә.Төлеген және М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушылары А.Бекзат, М.Әметова, Д.Нұрпейіс, Т.Рустем, Н.Талғаттар ел мен жер тұтастығы мен рухани кемелдігілін жырлаған ақындардың өлеңдерін жатқа оқыды.
Кешті кітапхана меңгерушісі Г.Пірімбетова қорытындылап, белсене қатысқан оқушыларды »Алғыс хатпен» марапаттады.
«Қазалы» ақпарат.
15 желтоқсан 2017 ж. 2 279 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 114

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930