Ерлік пен даналық дастаны

Онда аталған хикаят-монологындағы ауыр науқасқа шалдығып, көп жылдар бойы төсек тартып жатқан мүгедек жанның өмірге деген шексіз құштарлығы, қайсарлығы, адамгершілігі, мөлдір махаббаты жайлы №5 кенттік кітапхана меңгерушісі А.Орынбай айтып берді. Колледж кітапханашысы С.Сүгірова «Өшпей тұрса болады ой жарығым ...» атты кітап көрмесімен таныстырып, сонымен бірге жазушы туралы видеоролик көрсетіп, аудиокітабынан үзінді тыңдатты.
Мезгілінде жазушы Ә.Нұршайықов «Ерлік пен даналық дастаны» деп жоғары бағалаған «Үміт үзгім келмейді» кітабы беттерінен №66 топ студенттері Тәждәулет Нұрлыбек, Қадырбек Ақтілек үзінді оқыды. Әлқуат Шакрат «Әке-Ана» әнін тарту етті.
Кешті аудандық орталықтандырылған кітапхананың бөлім меңгерушісі Зоя Мұстафаева: «Біз кітап оқымасақ тіршілік сырын біле алмаймыз. Сондықтан жас ұрпақ әрқашанда кітапты қадірлеп, Мәңгілік еліміздің білімді, қажырлы қайсар азаматы болайық!» деп қорытындылады.
Сәуле СҮГІРОВА,
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледж кітапханашысы.