Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Бір ел – бір кітап» акциясы

«Бір ел – бір кітап» акциясы

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ынтасын арттыру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау.
"Бір ел – бір кітап" - 2018. Жыл кітаптары: Н. Келімбетовтің "Үміт үзгім келмейді", Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя", Шәкәрім Құдайбердіұлының поэзиясы таңдалып алынды.
«Бір ел- бір кітап»-2018 акциясы аясында жыл кітабы болып таңдалған Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінен оқырмандар конференциясы өткізілді.
Біздің бүгінгі шарамыздың басты мақсаты қазақ әдебиетінің тарихында ерекше орны бар қаһарман қаламгер Б.Момышұлының өмірімен шығармашылығын кеңінен таныстыру, халқымыздың XX ғасырдың басындағы этнографиялық энциклопедиясы іспетті аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы,ұлттық тәрбиенің қайнар көздерін ашу, шығарманың өн бойындағы құндылықтарды, мәселен: мақал-мәтелдер, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты жазушының көзқарасы мен ой тұжырымдарын ұрпақ тәрбиесіне үлгі ету. Шығарманы оқыта отырып, өз ұлтын, жерін, тарихын мәдениетін құрметтей білетін тұлға тәрбиелеу, жастарымызды ойын еркін жеткізе білуге баулу.
Шараға Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Алтын қалам» иегері, бірнеше тарихи кітаптардың авторы, облыстық Сыр бойы газетінің Арал, Қазалы аудандары бойынша аймақтық тілшісі Табынбаев Жұмабек, медицина саласының үздігі Мұратбаев Нұрсұлтан, ардагер ұстаздар Жеткербай Махамбет, Ерғараев Тасболат, Рәшева Салтанат, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің бір топ студенттері және кітапханашысы Сүгірова Сәуле, кітапхананың тұрақты оқырманы Жүсіпбек Рысбек, Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектептің кітапханашысы Айжігітова Сәнімкүл, №266 мектеп-лицейдің кітапханашысы Пірімбетова Гүлнәр және Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің 10 сынып оқушылары қатысып, ой-пікірлерін білдірді.
Шара барысында «Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, жазушы өмірінен слайд көрсетіліп, көпшілік оқырмандар назарына ұсынылды.
Конференцияда оқырмандар «Ұшқан ұя» повесінің құндылығы мен ұрпақ тәрбиесіне берерлік тәлім- тәрбиесі, сол кезеңдегі ұлттар арасындағы қарым қатынас, қазақы салт дәстүрдің көрінісі, сол кездегі қазақ ауылы бастан кешкен тарихи әлеуметтік жағдайды баяндады.
Оқырмандар конференциясын аудандық орталық кітапхана директоры Индира Әбілқасымқызы қорытындылап, қатысқан барша оқырмандарға жылы лебізін білдіріп, белсендік танытқан оқушылар мен студенттерді алғыс хатпен марапаттады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
02 мамыр 2018 ж. 4 184 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031