Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сен қазақ ұрпағысың!

Сен қазақ ұрпағысың!










Сен қазақ ұрпағысың!
«Шежірем деп соқса, егер, жүрегің тым,
Жаңғыруы тарихтың, үдері шын.
Ғажап тілмен үн қаттың: «Қазақпын – мен»,
«Қазақ» деген кім, өзі,
Білемісің?

Атам қазақ – жүйріктей шешен болған,
Жібермеді кемсітіп есеңді «оған».
Арақ пенен сыра емес, есте сақта!
Шұбат пенен қымыз ед(і) кесең толған.

Той, жиынға барынан аянбаған,
Көңілі үшін қонақтың, аян маған –
Екі ішекті домбырамен елжіретіп,
Жеті шепті жер жүзін баяндаған.

Дәл сол қазақ жетімін жылатпаған,
Қол жайғызып қайыр іс сұратпаған.
Қонақ келсе, қайтармай, қойын сойып,
Дәмнен татпай кеткенді ұнатпаған.

Осы қазақ, жолынан адаспаған,
Нәпсісімен мәміле жасаспаған.
Жеті атаны асырып, қыз алысып,
Жеке қанын, арын да таза ұстаған.

Жай түсірген пәлені қырат, қырдан,
Айтысымен жылдарға жырақ қылған.
Көкпарында сұңқардай тым ақ жылдам,
Шоқпарындай серкені лақтырған.

Осы қазақ «Алаш» деп ұрандаған,
Шатырында біреудің тұра алмаған.
Біле білсең, алғаш қазақ – қарахандар
Иман қорып, қорыққан бір Алладан.

Шат, сүйікті әндетіп ескі жырын,
«Ақсүйекті» ойнаған кешкіғұрым.
«Аударысу» арқылы күш сынаған,
Қауқарысы жетпеген ешбірінің.

Терең тарих, егемендік жастығы бар,
Қазба, мұнай, мақтасы, астығы бар.
Әлімсақтан иманы берік жұртпыз,
Қайталанбас салты мен дәстүрі бар.

Қазақ қызы – сыңары перизаттың,
Сусындаған заңымен «шариғаттың».
Бөркіменен, камзолы ерек, керім,
Көркіменен жаралған табиғаттың.

Кесіп өткен талайын қыл өткелдің,
Көшін жеккен болашақ үміттердің.
Таза жолы, күші мен ақылы тең,
Қазақ ұлы – төресі жігіттердің.

Ұқтың ба, енді, кім болған ұлт – арысың?
Ұлтың сендік, тым қате мін тағысың.
Жалынды өпкен, елім деп азап шеккен,
Қанын төккен шежіре ұрпағы үшін ,
Сен – қазақтың ұрпағысың!!!
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ.
16 желтоқсан 2017 ж. 1 382 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 78

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930