Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сен қазақ ұрпағысың немесе «Қазақ» деген кім?

Сен қазақ ұрпағысың немесе «Қазақ» деген кім?

«Шежірем деп соқса, егер, жүрегің тым,
Жаңғыруы тарихтың, үдері шын.
Ғажап тілмен үн қаттың: «Қазақпын – мен»,
«Қазақ» деген кім, өзі,
Білемісің?

Атам қазақ – жүйріктей шешен болған,
Жібермеді кемсітіп есеңді «оған».
Арақ пенен сыра емес, есте сақта!
Шұбат пенен қымыз ед(і) кесең толған.

Той, жыйынға барынан аянбаған,
Көңілі үшін қонақтың, аян маған –
Екі ішекті домбырамен елжіретіп,
Жеті шепті жер жүзін баяндаған.

Дәл сол қазақ жетімін жылатпаған,
Қол жайғызып қайыр іс сұратпаған.
Қонақ келсе, қайтармай,қойын сойып,
Дәмнен татпай кеткенді ұнатпаған.

Осы қазақ, жолынан адаспаған,
Нәпсісімен мәміле жасаспаған.
Жеті атаны асырып, қыз алысып,
Жеке қанын, арын да таза ұстаған.

Жай түсірген пәлені қырат, қырдан,
Айтысымен жылдарға жырақ қылған.
Көкпарында сұңқардай тым – ақ жылдам,
Шоқпарындай серкені лақтырған.

Осы қазақ «Алаш» деп ұрандаған,
Шатырында біреудің тұра алмаған.
Біле білсең, алғаш қазақ – қарахандар
Иман қорып, қорықан бір Алладан.

Шат, сүйікті әндетіп ескі жырын,
«Ақсүйекті» ойнаған кешкіғұрым.
«Аударысу» арқылы күш сынаған,
Қауқарысы жетпеген ешбірінің.

Терең тарих, егемендік жастығы бар,
Қазба, мұнай, мақтасы, астығы бар.
Сайтан алмас, иманы берік жұртпыз,
Қайталанбас салты мен дәстүрі бар.

Қазақ қызы – сыңары перизаттың,
Сусындаған заңымен «шариғаттың».
Бөркіменен, камзолы ерек, керім,
Көркіменен жаралған табиғаттың.

Кесіп өткен талайын қыл өткелдің,
Көшін жеккен болашақ үміттердің.
Таза жолы, күші мен ақылы тең,
Қазақ ұлы – төресі жігіттердің.

Ұқтың ба, енді, кім болған ұлт – арысың?
Ұлтың сендік, тым қате мін тағысың.
Жалынды өпкен, елім деп азап шеккен,
Қанын төккен шежіре ұрпағы үшін ,
Сен – ҚАЗАҚ ұрпағысың!!!

РИНАТ ӘБДІҚАЛЫҚ
12 желтоқсан 2017 ж. 2 141 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930