Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рухани жаңғыру – кемел келешек кілті

Рухани жаңғыру – кемел келешек кілті


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында №266 мектеп-лицейде "Рухани жаңғыру – кемел келешек кілтьі" тақырыбында кеш өтті.
Мерекелік шарада сөз алған мектеп директоры Болат Жолтаев ұстаздар мен оқушыларды мерекемен құттықтап, Елбасы мақаласынан туындайтын міндеттер мен мақсаттарға тоқталды. Мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Назима Әлиева мен Сағыныш Өтеулиева "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" және "Рухани жаңғыру – Мәңгілік ел болудың баспалдағы" тақырыбындағы баяндамаларын оқыды.
"Қазақ тіл білімі тарихында 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын әліпбиіне көшкен. Сонымен қатар, 1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиі қолданыста болған. Ұлтымыздың басынан үш алфавит жүйесін өткергендігін білеміз. Олар: бірінші араб, екінші латын, үшіншісі кириллицаға негізделген қазақ әліпбиі. Қазіргі таңда Елбасы Н.Назарбаевтың латын әліпбиіне көші саясатын қолдаймын. Себебі, біріншіден, латын әліпбиіне көшудегі негізігі ұтымдылық – тіл ауыспай, таңбаның ауысуы. Екіншіден, қарапайым тілмен жеткізсем, сөзді немесе дыбысты қалай естісек, солай жазылуын да солай жазамыз.
Қазіргі кезеңде білім саласындағы жаңа реформаның жүзеге асырылуы да, яғни жаңартылған білім мазмұны осы латын әліпбиіне көшуде өз үлесін қосады деген ойдамын. Оған дәлел, бастауыш буыннан бастап тілдің үш тұғырлылығының басымдығының бастау алуы" – деген Сағыныш Өтеулиева сөзінің соңында баршаны "Жұмыла көтерген жүк жеңіл", "Көз – қорқақ, қол – батыр" деп дана халқымыз айтқандай еліміздің еңсесі көкке көтерілуі үшін, "Мәңгілік ел" жолында екі қолды сыбанып нақты нық қадаммен алға басуға шақырды.
Одан әрі мерекелік шарада мектеп оқушылары патриоттық тақырыптағы әндерді орындап, жас ақындар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне және Тәуелсіздік күніне арнаған жүрекжарды жырларын оқып, көрерменнің қошеметіне бөленді.
Сонымен қатар мектеп директоры Болат Әбенұлы мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Азиза Қаражанқызы желтоқсан айының алғашқы он күндігінде өткен аудандық пәндік олипиада да жүлделі орындарды жеңіп алған шәкірттерді алғыс хатпен марапаттады. Айта кету керек, аталмыш олимпиадаға №266 мектеп-лицейден қатысқан 48 оқушының 33-і жүлдегер атанды. Сөйтіп, жалпы есепті аудан бойынша қатысқан 34 мектептен оза шығып, бірінші орынды иеленді. Шәкірттердің осындай үлкен жетістікке жетуіне себепші болған пән мұғалімдері де құрмет төріне шығып, алғыс арқалады.
Салтанатты шара ұстаз Сағыныш Өтеулиеваның орындауындағы "Атамекен" әнімен қорытындыланды.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.
14 желтоқсан 2017 ж. 3 335 0

Жедел көмек жан сақтайды

06 желтоқсан 2024 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031