Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ардақ тұтар ел сені

Ардақ тұтар ел сені

Жуырда Ғ.Мұратбаев ауылдық кітапханасында кітапханашы Әйгерім Смағұлованың ұйымдастыруымен "Ардақ тұтар ел сені" тақырыбында оқырман бенефисі өткізілді. Мақсаты – оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани жан дүниесін ояту, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіріп, кітап оқуға шақыру.
Тағылымды басқосуда кітапхананың үздік оқырмандары, ардагер ұстаздар: Жүсіп Қази, Қалибек Мұсаұлы, Ғ.Мұратбаев атындағы №91 мектептің еңбек пәнінің мұғалімі Төлеген Күнділдә әртүрлі тақырыпта оқырмандарға өмірдің өнегелі тұстарын үйретті. Кітапты көп оқыған адамның ішкі рухани байлығы артатындығын айтып, жас оқырмандардың сауалдарына жауап берді.
Сондай-ақ, шараға қатысқан Ғ.Мұратбаев атындағы №91 мектептің 9-10 сынып оқушылары, Ғ.Мұратбаев ауылдық округі әкімшілігінің әдіскері Айзат Махашова, жетекші маманы Ерасыл Дәстенов, аудандық орталық кітапхана қызметкерлері өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Мазмұнды кешті аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Айна Айтжанова қорытындылап, шақырылған қонақтарға алғысын білдіріп, сый-сыяпат табыстады.
13 ақпан 2018 ж. 1 582 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30