Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бабалар айтқан асыл сөз

Бабалар айтқан асыл сөз

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында №226 мектеп-гимназияның 3 в сынып оқушылары мен аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Бабалар айтқан асыл сөз» атты таным сағаты өтті. Шараның негізгі мақсаты – ата-бабамыздан асыл мұра болып қалған тілімізді, салт – дәстүрімізді жас ұрпаққа мирас ету, дәстүр сабақтастығын ұғындырып, қазақ даласында өмір сүрген шешендердің асыл сөздерімен таныстыру, балалардың ойлау қабілетін дамыту мен тіл байлығын, сөздік қорларын арттыруға арналды.
Онда «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Сөнбес жұлдыздар » атты слайд көрсетілді.
Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектептің педагог-ұйымдастырушысы Л.Жүсіпова, Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп гимназияның бастауыш сынып мұғалімі О.Шүйіншәлиева бастаған оқушылар кеш шырайын келтірді. Шәкірттер Қорқыт баба, Асан Қайғы, Бекарыстан би, Жанқожа баба, Ақтан батыр, Қарасақал Ерімбет аталарының өмір тарихынан сахналық көріністер қойды. Жергілікті ақындар Р.Жанай, Ж.Мәкеналының өлеңдерін жатқа айтып, әннен шашу шашты.
Кешті аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Индира Әбілқасымқызы қорытындылап, белсенділік танытқан оқушыларды алғыс хаттармен марапаттады.
М.СҮЙЕГЕНОВА,
аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы.
07 ақпан 2018 ж. 3 321 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031