Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кітапхана ұжымы Елбасы Жолдауын бірауыздан мақұлдады

Кітапхана ұжымы Елбасы Жолдауын бірауыздан мақұлдады

Аудандық орталық кітапхана ұжымы, білім беру ісінің үздігі, кітапхананың тұрақты оқырманы Қ.Бекетов, Мұңсызбай Әбубәкіров, Орал қаласы, БҚИТУ студенттері Сәдуақас Аружан, Құдайберген Ақбота, Шымкент қаласындағы ОҚМПУ студенті Ақбота Серікқызы, Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы медициналық университеттің студенті Әжіғұлова Фарида сынды кітапхана оқырмандары еліміз үшін мән-маңызы бар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының мәлімдемесіне қатысып, сөз сөйлеп, ой-пікірлерін білдірді. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» туралы әңгіме өрбітіп, «Қазалы» газетінің тілшісі Қазмағамбетова Айнұр мемлекеттік маңызы бар бұл Жолдауды назардан тыс қалдырмау жөн екендігін атап өтті.
Елбасымыздың биылғы дәстүрлі Жолдауының 10 бағытының 7-еуі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасымен байланысты. Тұрақты экономикалық өсу, экономиканың және ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халықтың өмір сапасын жақсарту үшін цифрлық жүйені дамытуды жеделдету керек. Яғни, цифрландыру дегеніміз - азаматтардың өз мемлекетімен диалогы қарапайым әрі ашық болатын жаңа қоғам құру,- деп Қ.Бекетов Жолдауға сүйене отырып баяндап берді.
9 қаңтарда Елбасы Қазақстан халқына жариялаған жаңа Жолдауын жариялады. Артынша оның толық мазмұны газет беттеріне басылып шықты. Жаңа жолдау жаңа мүмкіндік жүктейді. Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Жолдауда әртүрлі салаларда заманауи технологияларды қолдана отырып, цифрландыру арқылы экономикалық және индустриялық дамуды жүзеге асыру керектігі жазылған. Цифрлық технологияны қолдану аясын арттырып, жаңа жобаларды өркендету – маңызды әрі кешенді міндет,- деп аудандық орталық кітапхананың, оқырмандарға қызмет көрсет бөлімінің меңгерушісі З.Мұстафаева қадап айтты.
Сонымен қатар, Жолдауда «Смарт Сити» технологияларын енгізу туралы айтылған. «Smart City», яғни ақылды қала – бұл халықтың қолайлы өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін қалалық ресурстар мен қызметтерді басқару тиімділігін дамыту стратегиясы. Бұл ретте айтылып жатқан әрбір жұмысты, енгізіліп жатқан әр жаңалықты жатсынбай қабылдау керек,- деп аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі А.Айтжанова өз ойын ортаға салды.
Сондай-ақ, қатысқан барша оқырмандардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріліп, толыққанды мәлімет берілді. Әрбір 10 бағытта жеке-жеке тоқталып, әр бағыттың қажеттілігі атап өтілді.
Кітапхана ұжымы Елбасы Жолдауын бірауыздан мақұлдады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат. 

12 қаңтар 2018 ж. 3 594 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930