Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақхалаттылар ардақталды

Ақхалаттылар ардақталды


Сіздерді маусым айының үшінші жексенбісі – Медицина саласының қызметкерлері күні кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Дені сау адам – қоғамның байлығы. Сондықтан кез келген мемлекет азаматтарының денсаулығын сақтауды, әл-ауқатын арттыруды алдыңғы қатарға қояды.
Жыл сайын мемлекетіміздің берік ұстанған сындарлы саясатының нәтижесінде, Мемлекет басшысының нақты тапсырмалары мен қолдауының арқасында еліміздегі әрбір азаматтың өз денсаулығын қорғауға барынша жағдай жасалып, медициналық қызмет сапасын көтеру, денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Қаншама адамның жанына дауа, тәніне шипа болардай ем тауып, өміріне араша түсіп жүрген ақ халатты абзал жандарға деген құрметіміз қашанда ерекше.
«Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы» дейді ұлы ойшылдар. Сондықтан, баршаңызға азаматтарымыздың денсаулығын жақсарту жолындағы қажырлы еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін.
Бүгінгі кәсіби мерекелеріңізде Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Ізгі ниетпен,
Қазалы ауданының әкімі
Мейрамбек Шермағанбет


14 маусым 2025 ж. 262 0

Жас көшбасшы – ел үміті

28 наурыз 2026 ж. 69

Триумф төрінен табылған

28 наурыз 2026 ж. 65

Көктем – Қыз

28 наурыз 2026 ж. 53

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031