Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шәкіртке – үлгі, әріптеске – сыйлы

Шәкіртке – үлгі, әріптеске – сыйлы

Қырық жылға жуық педагогикалық еңбек өтілінде көптеген жетістікке қол жеткізіп, әріптестеріне үлгі көрсетіп келетін жандар арамызда кездесері хақ. Сондай кейіпкеріміздің бірі – Қазалы ауданының тумасы Гүлсім Қуандыққызы. Ол еңбек жолын Ы.Алтынсарин атындағы №421 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. Екі жылдық тәжірибеден соң С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектебіне орналасты. Бүгінде осында бастауыш сынып мұғалімі қызметін мұнтаздай орындауда. Ұзақ жылғы тәжірибесін оңтайлы іске асыратын Гүлсім Қаратай талай мәрте түрлі байқауларға қатысып, өзі де шәкірттері де құрметке бөленген жан.

Қазір білім сапасын арттырудың талабы бойынша білім беру кеңістігіндегі инновациялық үдерістердің бағыттарының бірі – оқытудың жаңаша үлгілерін тиімді пайдалану. Мұғалімнің негізгі қызметі – оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бір сөзбен айтқанда, педгогикалық үдерісті басқару. Мұғалімнің алдындағы басты мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу. Сонымен бірге өмірге деген өзіндік көзқарастарын қалыптастыру. Педагог өз қызметін шығармашылық бағытта ұйымдастыру үшін, ең алдымен, өз қызметінің мәнін түсіне білуі шарт. Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Даму ұғымы философиялық сөздікте: «...мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы» деп түсіндіріледі.
«Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек» деп М.Жұмабаев айтқандай, оқыту үдерісіне жаңа көзқараспен қарау, жаңа өзгерістерді меңгеру – уақыт талабы.
– Баладан білімді талап етемін. Себебі саутты болғаны қажет. Әліпбидегі 42 әріпті танып, жазуды жазып, минутына 100 сөзді оқып, есептегі төрт амалды меңгеруі тиіс. Барлық тәсілді қолданамын. Балаға диктанттың өзін ойын түрінде дәріс өткіземін. Түрлі суреттерді қою арқылы ребустарды шешкіземін. Оны меңгергеннен кейін суреттерді көбейтемін. Мәселен, Асан алма жеді деген мағынаға сай сурет қоямын. Соған бала сөйлем құрап, дәптеріне жазады. Бұдан нәтиже – сөз құрауды үйренеді және суретпен жұмыс істей бастайды. Екінші жағынан диктант жазады. Ұстаз болу қызығы мен қиындығы мол жұмыс. Сондықтан бала үшін бар күш-жігерімді аямай жұмсауға қай кезден де әзірмін. Олардың кейін жетістігін көргенде іштей разы боламын, – дейді Гүлсім Қаратай.
Балаларды әлемнің көпбейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде көре білу қабілетін дамыту, соның негізінде интеллектуалды креативті ұрпақты тәрбиелеп оқыту, педагогикалық-психологиялық маңызды мәселелерінің бірі. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер қазіргі білім беру саласында қызмет ететіндерге үлкен жауапкершілік артып отыр. Бұл жауапкершілік, ең алдымен, бастауыш сынып мұғалімдеріне жүктелері сөзсіз. Табысты оқыта отырып, құзырлы мұғалім – алдындағы оқушының жандүниесін жақсы түсіне білуі керек.
«Мұғалімнің үш көмекшісі» – «бас», «қол», «жүрек» арқылы оқушылардың оқытуын жақсартуға болады. Оқытуды жақсарту үшін сапаға мән берілуі тиіс. Сапалы оқыту – мұғалімнің қолданатын сан ­алуан әдіс-тәсілі арасындағы байланыс. Яғни оқушылардың қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі мен жиынтығы ретінде қарастырылады.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
09 қараша 2024 ж. 384 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 137

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 142

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 146

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 129

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 127

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 143

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031