Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үсік, тұман, өрт қаупі: 21 қазанға арналған ауа райы болжамы

Үсік, тұман, өрт қаупі: 21 қазанға арналған ауа райы болжамы

Фото: ©Pixabay.com
21 қазан күні Қазақстанның 14 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірдің бірнеше бөлігінде төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейіп, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болжанады.
Маңғыстау, Қызылорда облыстарында да жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында күндіз жел күшейіп, батысында екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді.
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түседі. Абай өңірінің оңтүстігінде желдің жылдамдығы 20 м/с-қа дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Ақтөбе облысында да қатты жел мен жоғары өрт қаупі күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман, ал кей өңірлерінде желдің жылдамдығы 20 м/с-қа дейін жетеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында түнде және таңертең тұман түсіп, кей жерлерде өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында түнде және таңертең тұман түсіп, сынап бағаны 1-3 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде үсік жүруі мүмкін.
21 қазан 2025 ж. 227 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031