Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде егін жинау науқаны аяқталуға жақын: 26,3 млн тонна астық бастырылды

Елімізде егін жинау науқаны аяқталуға жақын: 26,3 млн тонна астық бастырылды

Жалпы егіс алқаптарының 97,9%-ы жиналды
Елімізде егін жинау науқаны аяқталуға жақын: 26,3 млн тонна астық бастырылды
Фото: istockphoto.com
Елімізде егін жинау науқаны аяқталуға жақындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 15,7 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 97,9%-ы жиналды. Нәтижесінде 26,3 млн тонна астық бастырылды.
Дәнді дақылдардан бөлек:
  • ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 3 млн тонна майлы дақыл,
  • гектарына 225,3 центнер өнімділікпен 2,9 млн тонна картоп,
  •  гектарына 305,1 центнер өнімділікпен 3,9 млн тонна көкөніс жинады.
Атап айтқанда,
  • 331,7 ц/га өнімділікпен 492,4 мың тонна қырыққабат,
  • 430 ц/га өнімділікпен 1047,7 мың тонна пияз,
  • 296,4 ц/га өнімділікпен 380,7 мың тонна сәбіз жиналды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтіп жатқанын атап өтті.
Еске сала кетейік, биыл Солтүстік Қазақстан облысында рекордтық көлемде астық жиналғаны хабарланған болатын.


21 қазан 2025 ж. 197 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031