Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балабақша меңгерушісі төсбелгімен марапатталды

Балабақша меңгерушісі төсбелгімен марапатталды

Әйтеке би кентіндегі №21 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Жанат Қуанышқызы Көланова «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Жанат Қуанышқызы Көланова 1974 жылдың 1 қаңтарында Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 1981-1991 жылдары Қазалы қаласындағы №17 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектепте білім алған 1996 жылы Қазақтың Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының «Физика-математика» факультетін, 2015 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық білім жетілдіру және қайта даярлау институтында информатика пәнінің әдіскері болып бастап, 2000 жылға дейін техникалық оқыту құралдары (ТСО) кабинетінің меңгерушісі қызметін атқарған.
2000 жылы туған жеріне оралып, 2000-2001 жылдары Қазалы қаласындағы №16 М.Горький атындағы орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі, 2001-2002 жылдары Қазалы қаласындағы №17 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектепте қосымша білім беру педагогы, 2002-2005 жылдары Қазалы аудандық білім бөлімінде физика-информатика пәндерінің әдіскері, 2005-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттары ұлттық орталығының Әйтеке би кентіндегі № 71 филиал директоры, 2009-2015 жылдары Қазалы қаласындағы №1 «Ақерке» балабақшасының меңгерушісі, 2015-2022 жылдары Қазалы ауданы білім бөлімінің №7 «Балдырған» санаториялық бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі қызметін атқарып келсе, 2022 жылдан Әйтеке би кентіндегі №21 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

07 наурыз 2024 ж. 159 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 70

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930