Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда былтыр дәрі-дәрмек өндірісі – 21,8%-ға ұлғайды

Қазақстанда былтыр дәрі-дәрмек өндірісі – 21,8%-ға ұлғайды

Президенттің Жолдауындағы тапсырмалары шеңберінде Үкімет, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмек сапасын арттыру, инфрақұрылымды дамыту, кадрлық әлеуетті нығайту және денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр. 
Фото: freepik.com
Ведомствоның мәліметінше, дәрі-дәрмек бағасын қалыптастырудағы ашықтықты арттыру мақсатында шекті бағаларды есептеу механизмі қайта қаралды. Артық шығындар алынып тасталып, балама дәрілер бағасы түпнұсқа дәрілердің құнының 30%-ына дейін төмендетілген. Тек шығыны жоғары ТОП-20 позиция бойынша ғана күтілетін үнем шамамен 12 млрд теңгені құрайды.
Жалпы алғанда ТМККК және МӘМС шеңберінде шекті бағалардың төмендеуі шамамен – 19%, ал көтерме және бөлшек сауда сегменттерінде – 30%.
Дәрі-дәрмекті тіркеу мерзімі 100 жұмыс күніне дейін жеделдетілді. Ал реттеушілік беделі жоғары елдер үшін (АҚШ, ЕО, Ұлыбритания, Жапония) бұл мерзім «Бір терезе» қағидаты бойынша 15 күнге дейін азайтылды.
Отандық фармацевтика өндірісі белсенді дамып келеді. 2029 жылға қарай қазақстандық дәрі-дәрмек үлесі 50%-ға жетуі тиіс. Бүгінде 210 өндіруші тіркелген, олардың 43-і дәрілік препараттар шығарады. Былтыр өндіріс көлемі – 21,8%-ға, инвестиция – екі есеге, ал экспорт – 32,9%-ға артты.

Отандық кәсіпорындармен 90 ұзақмерзімді келісімшарт және әлемдік фармацевтикалық компаниялар – Pfizer, Hoffmann-La Roche және AstraZeneca-мен үш келісімшарт жасалды. Жалпы құны 400 млрд теңгеге жуық тоғыз инвестициялық жоба қарастырылып жатыр. Фармацевтика нарығының жылдық өсімі 10-13% деңгейінде деп бағаланады.

Айта кетейік, Қазақстанда 10 мыңнан астам фармацевт бар.

21 қазан 2025 ж. 196 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031