Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Алтын тұғырда» алтын тақты

«Алтын тұғырда» алтын тақты

Балалар жылының аяқталуына айға жуық уақыт қалды. Жыл басынан бері дүбірлі дода, көрікті шаралар көптеп ұйымдастырылғанын білеміз. Алайда бүлдіршіндерге арналған мезет, олардың шығармашылығын дамытуға арналған шаралар мұнымен тәмамдалмайтыны анық. Мұны білім саласында ұдайы ұйымдастырылып тұратын дәстүрлі озаттар сайысына қарап, аңғарсақ болады.
Қызылорда облыстық оқу орталығы, Зерделі ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Білгірлер сайысына Қазалы ауданы бойынша 13 мұғалім қатысып, оның 9-ы жүлдемен оралды. Жарыс қорытындысы бойынша Қ.Күлетов атындағы №92 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жанасыл Мамаева алтыннан алқа тақса, М.Матаев атындағы №170 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Райкүл Әбілдаева екінші орынды еншіледі.
Сонымен бірге Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектеп мұғалімі Гүлмира Қабыл мен Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектептің бастауыш сынып ұстазы Шаргүл Мырзағұл да екінші орын тұғырынан көрінді.
М.Горкий атындағы №16 мектеп-лицейлік Нұргүл Сүлейменова, №266 мектеп-лицейден қатысқан Сәуле Ермаханова және №276 орта мектептің ұстазы Айгүл Досанова үздік үштікті бөліске салды.
Бұдан бөлек, Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің ұстазы Динара Серікқызы мен іргелі оқу ордасы Ж.Жабаев атындағы №234 орта мектептің мұғалімі Айгүл Байжігітқызы арнайы алғыс хат иегері атанды.
Айта кетейік, Қ.Күлетов атындағы №92 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жанасыл Мамаева қаңтар айында өтетін «Алтын тұғыр» олимпиадасының республикалық кезеңіне жолдама жеңіп алды.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
06 желтоқсан 2022 ж. 461 0

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 33

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 67

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 114

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 60

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 61

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031