Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру маңызды

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру маңызды


Ыбырай Алтынсарин атындағы №204 мектепте аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда ІТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану» тақырыбында семинар өтті.


Мұндағы мақсат — оқу–тәрбие үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға жағдай жасау және бастауыш сынып мұғалімдері арасында өз тәжірибелерімен бөлісу арқылы кәсіби шеберліктерін арттыру.

Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың ашылуында мектеп директоры Л.Ізбасқан,аудандық білім бөлімінің әдіскері Шамшатова Гулзат Ауесбаевна сөз алып,семианарға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Семинар жұмысының І кезеңі «Мұғалім-мектептің жүрегі» тақырыбындағы көрмемен басталды. Бастауыш сынып мұғалімі Г.Қабыл 5 бөлімнен тұратын көрмеде жинақталған мұғалімдер мен оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық байқаулардағы жетістіктері мен марапаттары, авторлық бағдарлама, ғылыми жоба жұмыстары, баспасөз беттеріне жарияланған мақалалары, әдістемелік жинақтары және оқушылар мен ата-аналардың «Күз келбеті» тақырыбындағы қолөнер жұмыстарымен таныстырды.

Семинардың ІІ кезеңі түрлі әдістерге толы сабақтармен жалғасты.
М. Түктібаева 1-сыныпта әліппеден «Ң дыбысы және әрпі», Г.Айымбетова 2-сыныпта математикадан «Есептеудің тәсілдері»,
Л. Бекжанова 3-сыныпта әдебиеттік оқудан «Қысқы кеш», Ж.Далиева 4-сыныпта жаратылыстанудан «Заттар қасиеті өзгере ме?» тақырыбында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда ІТ мүмкіндіктерін сабақтарында тиімді пайдалана отырып сабақ өтті.

ІІІ кезеңде А.Жұбаназарова семинарға қатысушы мұғалімдермен «Оқу мен жазуда қиындықтары бар оқушылармен жұмыс жасаудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында шебер сынып, Ж. Джубаназарова мен М. Кудабаева «Бастауыш сынып мұғалімінің интернет-ресурстарын сабаққа тиімді пайдалану» тақырыбында коучинг көрсетті.

А.Қожалиева «Идеялар қоржынындағы» оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдермен бөлісіп, мектептің бастауыш сынып мұғалімдері құрастырған «PIRLS – бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын бағалау» тапсырмалар жинағы ұсынылды.

Ал ІV кезеңде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Н. Қалыбекова, мектеп психологы Ж. Бисенова, мектеп дефектологы Т. Елубай «Инклюзивті білім беру жағдайында оқушыларға психологиялық–педагогикалық қолдау көрсету жолдары» тақырыбында бірлескен жұмыс көрсетті.

Қорытынды кезеңде семинарға қатысушы мұғалімдер жүргізілген жұмыстар туралы өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.
17 қараша 2023 ж. 333 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930