Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасөспірімдерге арналған акция өтті

Жасөспірімдерге арналған акция өтті


Аудандағы құқық бұзушылық пен жастар арасындағы топтық төбелестің алдын алу мақсатында күнделікті рейд жұмыстары ұйымдастырылып, түсіндірме жасалып келеді.


Бұдан бөлек, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамының отырысы тұрақты өтіп отыр.

Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов төрағалық ететін комиссияның кезекті шешіміне сәйкес мектеп оқушылары арасында «Ашық есік» күні акциясы ұйымдастырылды.

Соған сәйкес Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің 8-11 сынып оқушылары аудандық полиция бөлімі ғимаратын аралап, жұмыстарымен танысты.

Аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының аға инспекторы Махаббат Бегалиева құқық бұзушылыққа бой алдырған кәмелетке толмаған жасөспірімдерге заңдылыққа сәйкес қандай шара көрілетіндігін түсіндірді. Ақция барысында мектеп оқушылары өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.

Айта кетейік, алдағы уақытта «Ашық есік» күні акциясына Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласындағы барлық мектеп оқушылары қатыстырылатын болады.
26 қаңтар 2024 ж. 215 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930