Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рейдтік профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Рейдтік профилактикалық жұмыстар жүргізілуде


Аудан көлемінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау, алдын-алу, сондай-ақ, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу, құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша «Қауіпсіз қоғам» рейдтік профилактикалық жұмыстары жүргізілуде.


Рейд барысында компьютерлік орталық тар мен ойын–сауық орындары, саябақтар мен спорт алаңдары қамтылды.

Түнгі рейд шарасына аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Махаббат Бегалиева, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының консультанты Ернұр Кама, «Жастар Рухы» ЖҚ-ның белсенділері және аудандық Жастар ресуртық орталығының қызметкерлері қатысты.

Рейд жұмыстары кезінде кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі мезгілде қоғамдық орындар мен көшелерде ата-анасыз немесе заңды өкілсіз шектеулі уақытта жүруге тыйым салынатындығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемесінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуының бірнеше дерегі анықталып, 442-бап бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделді.

Айта кетейік, бүгінде профилактикалық жұмыстар жастар көп шоғырланатын орындарда және мейрамханаларда жүргізіліп, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі 22:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде жүрмеуі қадағалануда. Осы орайда ата-аналардан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде түнгі беймезгіл уақыттары көшеде жүрмеуін қатаң бақылауда ұстауды сұраймыз. Бірлескен бұл жұмыстар алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасатын болады.
06 желтоқсан 2023 ж. 341 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 105

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 103

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 101

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 91

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930