Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасөспірімдер жайы алаңдатады

Жасөспірімдер жайы алаңдатады

Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетовтың төрағалығымен Қазалы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті.
Әйтеке би кентіндегі №276 орта мектепте өткен жиналысқа төрелік еткен Дәурен Оңғарбайұлы бүгінгі таңда мектеп оқушылары және жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылық, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, оларға қатысты кибербуллинг әрекеттері өте өзекті болып отырғанын тілге тиек етті.
Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ерте жүктілігі алаңдатып отырғандығын және сәуір айында мектеп оқушылары арасындағы топтық төбелес қасиетті Қазалы ауданында атқарылып жатқан қаншама еңбекті жоққа шығарғанын айтты. Алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алып, болдырмау үшін қандай шаралар қолға алыну қажеттігін қозғады.
Жиында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларда тұрмыстық зорлық-зомбылық, жыныстық қол сұғылмаушылық қылмыстарының құрбаны болуы деректерінің қаралуы, көрсетілген көмектер туралы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ғанибек Айбергенұлы айтып берді.
Мұнан соң кәмелетке толмағандардың ерте жүктілігі, оның ішінде он алты жасқа толмаған кәмелетке толмағанның жүктілігі жөнінде аудандық көпбейінді орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айымкүл Келмағамбетқызы баяндады.
Бұдан бөлек басқосуда бірқатар мәселелер көтеріліп, ұсыныстар жан-жақты талқыланды.
Ашығын айту қажет, аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес және аудан әкімінің бақылауымен сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан айларына жұмыс жоспары бекітіліп, түнгі рейд жұмыстары күнделікті ұйымдастырылуда. Рейд барысында беймезгіл уақытта көше кезген балаларды жұмысшы топ ұстап, аудандық полиция бөліміне жеткізеді. Өз кезегінде полиция қызметкерлері жасөспірімдердің ата-аналарын шақырып, заңдылыққа сәйкес шара көреді. Атап айтсақ, жыл басынан бері аудандық полиция бөліміне 475 кәмелетке толмаған жас жеткізіліп, осы уақыт ішінде 22 ата-анаға айыппұлдар салынған.
Көшпелі комиссия отырысында үштік одақ «Мектеп, ата-ана және оқушы» болып жұмыла жұмыс жасау да айтылды. Жиналысқа қатысқан ата-аналар да ойларын ашық жеткізіп, пікірлерімен бөлісті.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

30 қыркүйек 2023 ж. 280 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031