Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасөспірімдердің қауіпсіздігі ұдайы назарда болуы тиіс

Жасөспірімдердің қауіпсіздігі ұдайы назарда болуы тиіс

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетовтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Жиынға комиссия мүшелері мен білім беру ұйымдарының жауапты қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде өзекті деген 3 мәселе қаралды.
Алдымен күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Махаббат Төлепбергенқызы аудандық полиция бөлімінің ұсынымына байланысты хабарлама жасады.
Мұнан соң, екінші мәселе аудандық білім бөлімінің 2022 жылғы 29 қарашасындағы білдірісі туралы Қазалы қаласындағы №95 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаңабек Көпенов айтып өтті.
Күн тәртібіндегі 3 мәселе кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиялардың есебі және аудандық комиссия отырысының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары туралы комиссия хатшысы Рахметолла Әбен баяндама жасады.
Жиын соңында Дәурен Оңғарбайұлы комиссия отырысында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылауға алып, отырыста қаралған әрбір мәселе ұдайы назарда болуын тапсырды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандармен орын алған оқыс оқиғалар, құқық бұзушылықтар мен қылмыстар болған жағдайда комиссия жедел шешім қабылдап, алдын алу жұмыстарын жүргізіп отыру қажеттігін айтты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

01 желтоқсан 2022 ж. 321 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 43

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930