Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау комиссиясы дәрігерлік амбулатория құрылысын көрді

Партиялық бақылау комиссиясы дәрігерлік амбулатория құрылысын көрді

«AMANAT» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасының орындалу барысын жүйелі бақылап отыру үшін ауданда жүргізіліп жатқан бірқатар құрылыс нысандарына партиялық бекеттер орнатылған. Осы мақсаттағы бақылау бекеттері Абай ауылында салынып жатқан дәрігерлік амбулатория құрылысына да қойылған болатын.
Бүгін партияның аудандық филиалына қарасты Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Әділбек Сарабеков және комиссия мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары Күншығар Әбілов пен Ардақ Кәдір Абай ауылында болып, құрылыс жұмыстарымен танысты.
Жаңадан бой көтеріп жатқан дәрігерлік амбулаторияның басында мердігер мекеме «Аман Құрылыс» ЖШС-нің өкілі ғимараттың іргетасын құю жұмыстары аяқталып, оның ішіне құм төгу және жаю жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Ал Партиялық бақылау комиссиясының құрамы құрылыстың сапалы әрі уақытылы пайдалануға берілуі тұрақты бақылауда болатындығын жеткізді.
Мұнан соң комиссия мүшелері орталық саябақты абаттандыру жұмыстарымен танысты. Аталған құрылыс жұмыстарымен ауылдық округ әкімі таныстырып, алдағы уақытта бас мердігер – «Данияр 97» ЖШС-і орталық саябақтың қақпасын орнату, сахна құру, ойын және спорт алаңын салу мен түнгі жарықшамдарды орнату жұмыстарын жүргізетінін жеткізді.
#AMANAT
#КPК
#РРКAMANAТ
03 тамыз 2023 ж. 348 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 44

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 92

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 98

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 69

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 101

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 109

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031