Дәрігерлік амбулатория құрылыстары партиялық бақылауға алынды
Бүгінде «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалу барысын жүйелі бақылап отыру үшін партиялық бекеттер жұмыс жасауда. Осы мақсатта Абай және Бозкөл ауылдарында салынып жатқан дәрігерлік амбулатория құрылыстарына да бақылау бекеттері орнатылды.
Бүгін партияның аудандық филиалына қарасты Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Күншығар Әбілов құрылыс алаңында болып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Бүгінде нысандарға қажетті қаражат бөлініп, ғимараттардың іргетасын құю жұмыстары жүргізілуде. Екі ауылдағы құрылыс жұмыстарын «Аман Құрылыс» ЖШС және «Болашақ» ЖШС мердігер мекемелері жүргізуде.
Айта кетейік, Бозкөл ауылындағы партиялық бақылауға «AMANAT» партиясынан ұсынылып сайланған ауылдық округ әкімі Ақылбек Бөлебай қатысты. Алдағы уақытта бақылау бекеттерін Кәукей ауылындағы 100 орындық клуб пен дәрігерлік амбулатория құрылыстарына орнату жоспарлануда.
#AMANAT
#КPК
#РРКAMANAТ