Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылыс нысандарына партиялық зерделеу жұмыстары жүргізілді

Құрылыс нысандарына партиялық зерделеу жұмыстары жүргізілді

Бүгін аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аудан орталығы Әйтеке би кентінде салынып жатқан 250 орындық мектептің құрылысына бақылау жұмыстарын жүргізді.
Бүгінгі күнге нысанға ішкі әрлеу жұмыстары, еденіне тақтай орнату, есік-терезелерін орнату, санузел қабырғалары мен едендеріне кафель орнату жұмыстары жүргізілген. Кейбір бөліктерде бұл жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, бірқатар блоктарда шатырын жабу, терезелерді орнату және сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Нысанның негізгі тапсыру уақыты 2022 жылдың қараша айының соңына жоспарланған. Осы ретте нысанның белгіленген уақытта пайдалануға берілмеуін анықтау мақсатында тапсырыс беруші облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына комиссия мүшелері тарапынан хат жолдау ұсынылды.

Айта кетейік, жоғарыда аталған нысанда және «Қарлаң» учаскесінде жүргізіліп жатқан көпір құрылысында бүгінде партиялық бақылау бекеттері жұмыс жасауда. Көпір құрылысы бойынша қазіргі таңда 53 дана свайға бұрғылап бетондау, 3-ростверг, 1-ледорез, 1-тіреу жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, көпірге жанасатын кірме жолдарына топырақпен көтеру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының аяқтау мерзімі 2024 жылға жоспарланған.

Мониторинг жұмыстарына аудандық мәслихат депутаты, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғазиз Әліш, аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы, комиссия мүшесі Нұрғиса Жалғасбаев, комиссия мүшелері Күншығар Әбілов пен Ділдабек Айтмамбет және аудандық құрылыс бөлімінің маманы қатысты.

#AMANAT
11 қаңтар 2023 ж. 509 0

Мәдениет – өркениет өзегі

27 желтоқсан 2025 ж. 152

Ұстаздар жылды қорытындылады

27 желтоқсан 2025 ж. 153

Кәсіпкерлік көші ілгері

27 желтоқсан 2025 ж. 126

Қуантқан барлық баланы

27 желтоқсан 2025 ж. 129

Қуанса, бала қуансын!

26 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031