Партиялық бақылау бекеті ашылды
Бүгінде «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалу барысын жүйелі бақылап отыру үшін ел аумағанда 400-ге жуық партиялық бекеттер құрылды.
Осы мақсатта аудан орталығы – Әйтеке би кентінде жүргізіліп жатқан 250 орындық мектептің құрылысының мерзімінде пайдалануға берілуін, құрылыс сапасын бақылау мақсатында партиялық бекет ашылып, жұмысын бастады. Партиялық бақылау бекетінің жетекшісі болып аудандық мәслихат депутаты, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әліш Ғазиз Әлмәмбетұлы бекітілді.
Бүгін партиялық бақылау комиссиясының бірқатар мүшелері құрылыс алаңында болып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Бүгінгі күнге «АБВ» блоктары бойынша 1-ші, 2-ші қабаттарында ішкі әрлеу (штукатурка) жұмыстары жүргізіліп, ғимараттың «Г» блогы бойынша 2 қабатының қабырғаларына кірпіш қалау жұмыстары, төбесіне плита төсеу жұмыстары және ғимараттың төбе жабынына стяжка құю жұмыстары жүргізілуде. Нысанды 2022 жылдың қараша айына тапсыру жоспарлануда.
#AMANAT