Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері құрылыс нысандарын көрді

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері құрылыс нысандарын көрді

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалу барысын жүйелі бақылап отыру үшін ел аумағанда 400-ге жуық партиялық бекеттер жұмыс жасайды. Осы орайда бүгін партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Әділбек Сарабеков, Күншығар Әбілов, Ділдабек Айтмамбет және Ерболат Мұхаш аудандағы бақылау бекеттері ашылған құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстарын жасады.
Ең алдымен комиссия мүшелері Әйтеке би кентінің аумағында салынып жатқан 250 орындық мектептің құрылысын көрді. Мониторинг барысында мердігер мекеменің өкілі құрылыс барысымен таныстырып, қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді.
Өз кезегінде аманаттықтар сайлауалды бағдарлама аясында осы және өзге де нысандар ерекше бақылауда болатындығын жеткізіп, құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейту бойынша ұсыныстарын айтты.
Осы күні комиссия мүшелері 10-ға жуық елді мекеннің жол қатынасының жақсаруына септігін тигізетін «Қарлаң» учаскесінде жүргізіліп жатқан көпір құрылысына барды. Былтыр басталған көпірдің құрылысымен мердігер мекеменің жұмысшылары таныстырып,
2024 жылы аяқтау жоспарда екендігін жеткізді.

#AMANAT
04 мамыр 2023 ж. 468 0

Қиясы биік қаламгер

19 қыркүйек 2025 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930