Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылыста кешігу болмауы керек

Құрылыста кешігу болмауы керек

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқаппен бірге бірқатар құрылыс нысандарына арнайы барып, жұмыс барысын көрді.
Аудан басшысы алдымен Әйтеке би кентінің Достық көшесінен салынып жатқан 250 орындық құрылыс басында мердігер мекеменің жауапты қызметкерлерімен кездесті.
Өткен жылы басталған білім ордасының құрылысы қазіргі таңда қарқынды жүргізілуде. Атап айтар болсақ, «А, Б, В» блоктары бойынша бірінші қабат қабырғаларының кірпіші өріліп, плитасы жабылған. В блогы бойынша екінші қабаттың қабырғаларына кірпіші қаланып, төбе жабынына плита төсеу жұмыстары жүргізілуде. «Г» блогы бойынша іргетас табаны мен іргетасын монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.
Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы Қ.Пірімов атындағы ауылына жол тартып, спорт кешенінің құрылысын көрді.
Мердігер мекеменің жауапты қызметкерінің айтуынша, спорт кешені ғимаратының қабырға кірпіші өріліп, әкімшілік ғимараты блогының төбе шатыры жабылған. Спорт зал блогының төбе жабының жабу жұмыстары мен ішкі сылақ жұмыстары жүргізілуде. Сыртқы жұмыстардан КТПН қондырғысы монтаждалып, ауыз су құбырлары жүргізілген.
Мұхтар Оразбаев құрылыс жұмыстарының барысын көрген соң мердігер мекеме мен тиісті сала басшыларына ең алдымен сапаға мән беруді тапсырды. Құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс екендігін жеткізді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
29 қаңтар 2022 ж. 682 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 94

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930